КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


Кітапхана тарихы


А.С.Пушкин атындағы Түркітан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

 

   Шымкент қаласындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1899 жылы Ұлы орыс ақыны А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында өлкетанушы М.Н.Лыкошиннің растауымен ашылған.

   Ағашқы кезде кітапхана қалалық касса қаражатымен қаржыландырылып ақшалай жәрдем бөлінетін болған.

    Мерзімді басылымдар қорын қалыптасыру бойынша жұмыстың ең қызықты түрі жолға қойылды. Жыл сайын оларға едәуір қаржы, жұмсамау және кітапхананы кітап қорымен толықтыруды тоқтатпау үшін оқырмандар 3 топқа бөлініп, әр топ мерзімді басылымның белгілі түрін жаздырып алып, кезектесе пайдаланудан кейін, жыл аяғында кітапхана қорына беруді әдетке айналдырып отырған. Осы басылымдар ішінен әдеби құнды материалдарды іріктеу, түптеу кітапханашы еншісінде болған. Оқырмандар үшін кітапхана аптасына 3 рет ашылатын.

1910 жылдан бастап мерзімді басылымдар қоры құрылып, 30-ға жуық газет-журналды кітапхана өз алдына жаздырып алу мүмкіндігіне ие болды. Алғашқы мерзімді басылымдар ішінде «Биржевые ведомости», «Русское слово», «Туркестанские ведомости», «Туркентанский курьер» т.б.

   Кітапхана көп жылдар бойы облыстың кең байтақ аумағында басты мәдени мекеме болып қалуда. Оның оқырмандары көбейіп, кітап қорлары өсіп, толықтырылуда. Еліміз басынан кешірген тарихи оқиғалар мен өзгерістер кітапхана ісіне біршама әсерін тигізбей қоймады.

   1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезінде кітапхана қорының көпшілігі жойылып та кетті, біраз бөлігі кітапхана қорынан жігерлі шенеуніктердің жарлығымен алынып тасталды, сондықтан кітапхана қорында энциклопедиялар мен көркем әдебиеттерден басқа 1937-1938 жылдарға дейінгі жарық көрген басылымдардың бірде-бір данасы қалмаған. Әсіресе өлкетану туралы құңды материалдардан тұратын мерзімді басылымдар қорының жоғалуы қатты сезілді. Қазіргі кезде кітапхана қызметкерлері жойылған басылымдарды жарым-жартылай қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

   40-50 жылдары кітапхана зиялы қауымның бас қосатын орталығы болды. Бұл жерде қызықты кештер ұйымдастырылып, әдеби пікірталастар өткізілді, сол кездері ашылған жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен студенттері үшн кітап қорлары қалаптастырылды.

   Осы жылдары облыстағы өндіріс орындарының өсіп-өркендеуі кітапхана қызметінің дамуына жан-жақты оң әсерін тигізді. Библиографиялық қызмет көрсету жақсы жолға қойылды, салалық әдебиеттер көптеп толықтырыла бастады, ауыл шаруашылығының барлық саласындағы мамандарға топтық және жеке-дара ақпарат беру қызметі жолға қойылды.

    Бүгінгі таңда кітапхана жастардың білім алуында ақпараттық қызмет көрсету, дәстүрлі және стационардан тыс қызмет түрлерімен қатар, оқырмандар үшін қызуғушылығы бойынша ақпаратты еркін іздестіру қарым-қатынас орны, қызықты мәдени бағдарламаға тола, бос уақытты тиімді пайдаланудағы мәдени орталығы болып отыр.

      2015 жылдың 1-ші наурызынан бастап кітапхана Қазыбек-би,13 мекен-жайында орналасқан ғимаратқа ауысты.

    Кітап қоры облыстағы ең ірі ғылыми, оқу, өлкетану, көркем әдебиет үлгілерін ұсынады. Кітапхана қызметін жыл ішінде 25 мыңға жуық оқырман пайдаланып, оларға 330 мыңға жуық кітап пен журнал берілуде. Бүгінде кітапхана құрамында, әртүрлі кітапханалық бағытта жұмыс істейтін, ақпараттық-библиографиялық, мәдени-ағартушылық қызмет көрсететін 12 бөлім бар. 2011 жылдан бастап «Неміс тілі ақпараттық орталығы» мен «Американдық орталығы» жұмыс жасайды. Белсенді оқырмандары үшін «Асыл мұралар», «Хит сезона», «Заңгер», «Альманах-Сырласу», «Глобус» клубтары, «Әдеби кеш» салоны жұмыс істейді.

   «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы мен «Қазақстан 2050» мемлекеттік стратегиясын жүзеге асыру барысында, кітапхана бірнеше мақсатты бағдарламалар жобасын жасап жұмысты жандандыруда:

  • «Біз біргеміз» - мүмкіндіктері шектеулі жандарға ақпараттық көмек беру, интернет жүйесі арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасау, стационардан тыс ақпараттық қызмет көрсету және іс-шаралар өткізу.
  • «Мәңгілік Ел» таным-тағылым, әдеби-мәдени шығармашылық бірлестігі - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын бәрінен биік қояр аға буынмен жас буынды байланыстыру, әдебиет пен өнерге деген көзқарасын, құштарлығын қалыптастыру.
  • «Ұлттық әдебиеттер орталығы» - Оңтүстік өңірінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің әдебиеттерін насихаттай отырып, ынтымақтастық, бірлік, мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу.
  • «Отбасылық оқу кітапханасы» - отбасыларды кітап оқуға тарту, әртүрлі ұлттан тұратын оқырмандардың бірнеше ұрпақтарын кітапханаға үзбей келуін әдетке айналдыру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту.
  • «Кітапхана және қаламгер» - жергілікті қаламгерлердің, жас ақындардың бұрын соңды жарияланбаған шығармаларын кітапхананың баспа қызметі арқылы шағын тиражбен басып шығару және насихаттау.
  • Өлкеміздің дара тұлғалары: «Мекемтас Мырзахмет әлемі», «Мархабат Байғұт әлемі» - ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметұлы мен қаламгер, журналист, қоғам қайраткері М.Байғұттың еңбектеріне қатысты құжаттарды жинақтау және іс-шаралар ұйымдастыру арқылы көпшілікке насихаттау.
  • «Кітап арқылы өзіңді және өзгені таны» - кітап оқуға тарту арқылы жастардың мәдени және білім деңгейін көтеру.
  • «Егемен ел» - еліміздің ұлттық рухын асқақтату, ұлт мүддесін айқындай білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу, жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
  • «Қуыршақ театры» - кітаптардан сахналық көріністер ұйымдастыру арқылы балалардың шет тілін үйренулеріне ықпал ету.
  • «Атамекен» - руханият мекені кітапханалардың алтын қорын көбейту, айтулы тұлғалардың өңіріміздегі ескерткіштеріне тағзым ету, елін, жерін құрметтеген, бейнетінің зейнеті көпке әйгілі еткен кәсіпкерлердің еңбек жолын насихаттау.
  • «Қаламгермен қауышу» - жергілікті қаламгерлердің шығармаларын насихаттау, көрме арқылы еңбектерін таныстыру, кездесу кештерін өткізу, туған өлкесінде іс-шаралар ұйымдастыру.
  • «Робототехника – заман талабы» -  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастардың математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасауда біліктіліктерін дамыту. 
  •  «Пушкинді оқимыз. Читаем Пушкина» - А.С.Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай, Ұлы ақынның шығармаларын дәріптеу, жастардың поэзияға деген құштарлығын арттыру.
  • «120-19-120» - А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 120 жылдық сындарлы соқпағын, қара шаңырақтың қоғамдағы елеулі орнын, облыс халқына қызмет көрсетудегі озық тәжірибелерін насихаттау.
  • «Жастар – руханият тірегі» - Елбасының 2019 жыл – Жастар жылы жариялауына орай жастарға қолдау көрсету, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жас таланттарды көпшілікке насихаттау.
  • «Библиопост» жобасы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында 2020 жылғы 16 наурызынан бастап төтенше жағдай жариялануына байланысты кітапхана пайдаланушыларына қашықтықта қызмет көрсетуді жандандыру.