КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


Жобалар мен бағдарламалар


«Атамекен» жобасы

 

   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Туған жерге туыңды тік» бағыты бойынша А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Атамекен» жобасы жұмыс жасайды.

     Жоба бірнеше бағытты қамтиды:

1. Руханият мекені кітапханалардың алтын қорын көбейтуде «Алтын қорға үлес қос»   акциясы;

2. Айтулы тұлғалардың өңіріміздегі ескерткіштеріне тағзым етуде «Ескерткішке тағзым» акциясы;

3. Елін, жерін құрметтеген, бейнетінің зейнетін көпке әйгілі еткен тұлғалар мен меценат кәсіпкерлердің еңбек жолын насихаттауда «Туған жерге тағзым» шарасы.

 

 

 

COVID-19 пандемиясының алдын алу үшін ҚР жарияланған төтенше жағдай мерзімінде іске асырылуға бағытталған «Библиопост» жобасы

 

     Мақсаты: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16  наурыз-дағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай жариялануына байланысты кітапханалар қашықтықтан қызмет көрсету режиміне өтті. Осы кезеңде Түркістан облысындағы 389 кітапхананың бірлесе жұмыс жасап, кітапты,кітапхана жұмысын онлайн форматта виртуалды насихаттауды қызу қолға алды. Басты мақсатымыз:Халықтың көпшілікқоғамдық орындарға баруына  шектеу қойылған кезеңде кітапханашылар өз жұмыстарын заманауи гаджеттерді пайдалана отырып,өз оқырмандарына,облыс тұрғындарына қашықтықтан қызмет көрсетуін ұйымдастыру. Отбасылық оқу дәстүрін жаңғыртуға ықпал ету. Республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында таңдап алынған шығармаларды ерекше онлайн байқаулармен, оқулармен, челлендждермен,эстафеталармен түрлендіре отырып жалғастыру. Жылдың өзекті бағыттарына жоспарланған іс-шаралар легін виртуалды түрде іске асыру. Үйде отырған халықты руханиятпен сусындатып күйзеліске түсуіне жол бермеу. Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде кітапханалар тарапынанбарша оқырмандарға рухани қолдау көрсету.

      Күтілетін нәтиже:

  • Кітапханалардың виртуалды оқырмандармен байланысын нығайту;
  • Кітапханалардың  отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірден-бір идеологиялық орталық ретінде дәстүрлі кітапхана қызметімен қатар тығырықтан шығу мақсатында онлайн режимде де толыққанды қызмет көрсете алатын орталықтар екенін таныту;
  • Әлемді жайлаған қиындық кезеңінде халықтың бойындағы парасаттылықты,  рухани-адамгершілікқасиеттерді сақтап, патриоттық құндылықтарды ұлықтауға ықпал ету;
  • өлкетану бағытындағы тың тақырыптарды ашу,  әдеби шығармаларды  онлайн форматта насихаттау.

Жүзеге асыру әдісі:

  • Зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кітапхананың фейсбук,инстаграмм,телеграмм  парақшаларында ,  ютуб каналында,тікелей эфир арқылы әдебиеттің түрлі жанрларын насихаттау;
  • Қашықтықтан қызмет көрсететін кітапханашылардың бейнеслайдттар,бейнероликтер арқылы кітапты насихаттауын ұйымдастыру;
  • Түрлі сала өкілдерінің, кітапханашылардың  шеберлік сағаттары мен тренингтерін ұйымдастыру;
  • Оқырмандар арасында челлендждер,лайфхактар,эстафеталар, байқаулар,виртуалды ойындар ұйымдастыру;
  • Жүйелі түрде онлайн іс-шаралар жоспарын жасап,іске асыру мерзімін нақтылап белгілеу;
  • Өңірдің тарихын, жетістігін баяндайтын,айтулы тұлғаларын  бейнелейтін бейнероликтерді  БАҚ беттерінде,  әлеуметтік желілерде   тарату арқылы насихаттау, /мақалалар,тарихи деректер,арнайы репортаждар,видеороликтер, буктрейлер/

Өткізілген онлайн  іс-шаралар туралы ақпараттарды /фотосуреттер, бейнероликтер, сценарилер, қысқаша ақпарат/ тұрақты жинақтап отыру.

 

 

 

 

«Біз біргеміз»

Мүмкіндіктері шектелген оқырмандармен жұмысты жетілдіруге арналған бағдарлама

                           

Бағдарлама атауы

«Біз біргеміз» Мұмкіндіктері шектеулі оқырмандармен жұмысты жетілдіруге арналған бағдарлама /2014-2018/

Әзірлеуге негіз болды:  - «Мүгедектердің құқығын қорғау туралы ҚР Конвенциясы»;

 - ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012– 2018 жылдарға арналған іс– шаралар жоспары;

 - Елбасының Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тапсырмасы;

- ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы;

- ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,  бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы;

- «А.С.Пушкин атындағы Онтүстік Қазақстан әмбебап ғылыми кітапханасы» ММ жарғысы.

Бағдарламаны әзірлеуші: - А.С.Пушкин атындағы Онтүстік Қазақстан облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасы

Бағдарлама мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі жандарға ақпараттық көмек беру;

- интернет жүйесі арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасау;

- стационардан тыс ақпараттық қызмет көрсету;

- мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кітапханалық сервисті жақсарту;

- олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек беру;

- кітапхананың электронды қызмет көрсету сферасындағы мүмкіндігін кеңейту.

Бағдарлама міндеттері:     

 Стратегиялық

- кітапхана қызметін қоғамның қазіргі заманғы кітапханаға қоятын талаптарына сай сәйкестендіру;

- мемлекеттік мекеме ретінде стратегиялық жоспарға мүгедектер үшін кедергісіз орта құру шараларын енгізу;

- мүмкіндіктері шектеулі оқырмандардың қажеттіліктерін ескере отырып құқықтық орталық ашу.              

 Зерттеушілік

- өткізілген шаралардың әсерін бағалау, сауалнама және арнайы тестілеу жұмыстарын жүргізу арқылы қажеттілік деңгейін анықтау.

Әдістемелік

- жобаның жоспарын әзірлеу, мүмкіндіктері шектеулі жандарды кітапханаға тартудың

  оңтайлы әдістері мен түрлерін таңдап алу;

- олардың өздігінен білім алу түріне көмекке әдістемелік құралдар қорын және кітапхана

  қызметінің барлық бағыттары бойынша ұсынымдар қалыптастыру, с.і. электронды  түрде;

- мүмкіндіктері шектеулі жандарға кітапханалық қызмет көрсетудің алғы түрлері мен

  әдістерін тауып, зерттеу және алға тарту.         

Бағдарламаға қатысушылар: - А.С. Пушкин атындағы ОӘҒК ;

                                                       - Қоғамдық емес ұйымдар;

                                                       - Облыстық мүгедектер қоғамы;

                                                       - Облыстық ардагерлер кеңесі;

                                                       - Оңалту орталықтары;

                                                       - Оқу орындарының студенттері.

Күтілетін  нәтижелер:              

- мүмкіндіктері шектеулі оқырмандар үшін тұрақты кітапханалық қызмет жүйесін қалыптастыру;

- мүгедектер орталығында жылжымалы оқу залдарының жұмысын жалғастыру;

- ақпараттық әлеуметтік құқықтық орталық ашу;

- қоғамдық емес ұйымдармен жұмысты дамыту;

- кітапханада мүмкіндіктері шектеулі оқырмандар үшін қолайлы-жайлы жағдай қалыптастыру;

- кітапхананың әлеуметтік ортада имиджін көтеру.

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 2014 жылдан бастап ұзақмерзімді

 

«Кәсіби өсу»

Кітапхана қызмекерлерінің үздіксіз білім жетілдіру жүйесінің оқу бағдарламасы   

Әзірлеуге негіз болды: 

- ҚР «Мәдениет туралы» Заңы;

- Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тапсырмасы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2012 жылдың 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы;

- «А.С.Пушкин  атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ жарғысы.

Бағдарлама мақсаты:

- Кітапханалардың әсерлі жұмысын қамтамасыз ету үшін және олардың қазіргі заманғы экономикалық жағдайда динамикалық дамуы үшін облыс пен

қаланың кітапхана қызметкерлеріне білімін, еңбек өтілін, лауазымын есепке ала отырып, үздіксіз білім беру сатысын құру;

- Дәстүрлі және инновациялық технологияларды қолдана отырып, бағдарламаны тыңдаушыларды бүгінгі және ертеңгі  күнгі жұмыс талаптарына сай кәсіби білім мен біліктілікке үйрету;

- Кәсіби қызметіндегі шығармашылық қарымын жүзеге асыра алуы үшін әр кітапханашыға жайлы режім жасау;

- Шығармашылық ойлай алатын, дербес, кәсіби жаңашыл кітапханашыны тәрбиелеу.

Бағдарлама міндеттері:      Стратегиялық:

- Кітапхана қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін қоғамның қазіргі заманғы кітапханаға қоятын талаптарына сай сәйкестендіру.

Зерттеушілік:

- Өткізілген шаралардың әсерін бағалау, сауалнама және арнайы тестілеу жүргізу арқылы оқу бағдарламасының оқытылып жатқан қызметкерлерге тигізер пайдасын анықтау.

Әдістемелік:

- Бағдарламаның оқу жоспарын әзірлеу, тыңдаушыларды оқытудың оңтайлы әдістері мен түрлерін таңдап алу;

- Біліктілікті жоғарылату және оқудың өздігінен білім алу түріне көмекке әдістемелік құралдар қорын және кітапхана қызметінің барлық бағыттары бойынша ұсынымдар қалыптастыру, с.і. электронды түрде;

- Тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетудің алғы түрлері мен әдістерін тауып, зерттеу және алға тарту.

Ұйымдастыру бағытында:

- Бағдарламаның оқытушыларын таңдау, оқудың техниклық жабдықталу мәселелерін және басқа қосымша мәселелерді шешу;

- Бағдарлама деңгейлері бойынша қатысушыларды толықтыру және қатысуын  бақылау;

- Оқыту және біліктілікті көтеру сұрақтары бойынша есеп және құжаттама жүргізу.

Іске асыру әдістері: ОҒӘК базасында қызметкерлер үшін кәсіби тұрақты оқу жүйесін қалыптастыру.

Бағдарламаға қатысушылар: А.С. Пушкин  атындағы ОӘҒК қызметкерлері

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі:  2013 жылдан бастап ұзақмерзімді

Күтілетін  нәтижелер:   

- Кітапханада  үздіксіз кітапханалық білім беру инфрақұрылымын құру;

- Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің жоғарылауы;

- Кітапханалық мамандық беделінің өсуі;

- А.С Пушкин атындағы ОӘҒК әлеуметтік мәдени институт және ұйымдастырушы-әдістемелік орталық ретінде қоғамдық мәртебесінің және маңызының жоғарылауы.

Бағдарламаның негізі:

Бүгінгі таңда еліміздегі қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірідегі түбегейлі өзгерістер кітапханалар алдында да жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды.

Қазіргі заманғы кітапханалардың дамуы көптеген құрамдас бөліктерден тұрады. Олар: - қаржыландыру деңгейінен;

 -  заманауи ақпараттық техникалық қамсыздануынан;

 -   ұжымның шығармашылық және кәсіби деңгейінен.

Көптеген мамандар қоғамда болып жатқан өгерістердегі жаңа жағдайларда бейімделуге тәжірибеші-кітапханашыларда білім мен біліктіліктің жоқтығын мойындайды. Осыған байланысты мамандар  кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша шаралардың жаңа түрлерін іздестіру қажеттігін жақсы түсінеді.

Уақыт талабына үндесу жолында  кітапхана бұрынғы дәстүрлі  принциптерін қайта

қарастыра отырып өзгеруі қажет. Жаңа ақпараттық ортаның технологиялық  жетістіктері кітапхана жұмысының түбегейлі өзгерісіне алып келеді. Технологиялық парадигманың ауысуы дегеніміз—кітапхананың көптеген ішкі үрдістерін түбегейлі түрлендіреді, кадрлық ресурстар қайта қарауға, кітапхана мамандығының мазмұнының тереңдетуге жетелейді.

Бүгінде кітапхана қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру үрдісін жаңғырту қажеттігі мәселесі туындап отыр.

Кітапханаға  жаңадан келген жас мамандар оқырмандармен  қарым-қатынас кезінде және оларға ақпараттық қызмет көрсету кезінде, өз қызметін дамыту жолдарын анықтау кезінде  қиындыққа тап болатыны сөзсіз.

  Кітапхананың нәтижелі жұмысының маңызды факторы, оның қызметкерлерінің кәсібилігі, құрамының сапалы іріктелуі. 

«Кәсіби өсу» Кітапхана қызмекерлерінің үздіксіз білім жетілдіру жүйесінің оқу бағдарламасының көздегені халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда теориялық білім мен тәжірибелік біліктілікке қол жеткізу. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерін жаңа ақпараттық технологиялық үрдістерді меңгеруді үйрете отырып, кітапханашылардың өздігінен білім алуы мен өзін жетілдіруге қол жеткізу.

Білім берудің түрлері:  -           кеңес;

  • шебер клас;
  • лекция- сұхбат;
  • іскер ойындар;
  • сауалнама (тестілеу);
  • практикалық сабақтар және т.б.

Оқу бағдарламасы әр жыл сайын жыл соңында қортындылады.

        Сондай-ақ 2013жылдан бастап «Оқитын кітапханашы: мамандық өлшемі»

оқу курсы  жүргізіледі. Мақсаты кітапханашыларды көркем әдебиетті көп білуге және оқуға бейімдеу. Кітап қорындағы көркем әдебиеттермен жете танысу арқылы оқырмандар арасында насихаттау шараларын дамыту;

 

 

 

«Кітап арқылы өзіңді және өзгені таны» бағдарламасы аясында

«Ең көп оқылатын 100 кітап», «Ұмыт қалған 100 кітап» жобасы

Ғылым мен техника қауырт дамыған, жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды өркендету және әдеби көркем шығармашылыққа қызығушылықты қайта қалпына келтіру өзектілікті қажет етеді. 

Жастардың мәдени  және білім деңгейін көтеру үшін «100 кітап» жобасы әзірленді, оның аясында  жастар оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалды және тізімі құрылды. «100 кітап» жобасын жүзеге асырудың алғашқы жылы жастардың кітап оқуға деген құмарлығы артып келе жатқанын байқатады.

Жобаның мақсаты: кітап оқуға тарту арқылы жастардың мәдени және білім деңгейін көтеру  

Ақпараттық қолдау: Қазақстан - Шымкент радиосы

Міндеттері:

  • Әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру;
  • Сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру;  
  • Ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру;
  • Жастардың классикалық әдеби тілді үйренуіне, сөздік қорын тұрақты толықтыруға және байытуға, олардың грамматикалық нормалар мен ережелерді меңгеруіне, коммуникативтік дағдылар мен зейінін дамытуға, өз ойларын анық та айқын жеткізе білуге жұмылдыру.

Негізгі шаралар:

  • «Буккроссинг»  акциясы  (Bookcrossing-ашық кітап айналымы);
  • «Бір факультет – бір кітап» марафоны;
  • «Бір кітап – бір сурет» акциясы;
  • Шығарма авторларымен, белгілі тұлғалармен кездесу;
  • Клубтар мен үйірме мүшелерінің арасында пікірталас, дөңгелек үстел, сайыстар.