КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


Кітапханамызға – 120 жыл


«120-19-120» бағдарламасы

«120-19-120» бағдарламасының

мән-мағынасы:

120 Кітапхананың ашылуына  120 жыл толуына орай «А.С.Пушкин кітапханасы жылы»;

19 Түркістан облысындағы облыстық, аудандық, қалалық кітапханалар жүйесінің саны;

120 Облыстық, аудандық, қалалық кітапханалар жүйесінде «А.С.Пушкин кітапханасы жылы» аясында ұйымдас-тырылатын  апталықтардың саны.

Әзірлеуге негіз болды:

12 сәуір 2016 жылы жарияланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы;

21 қараша 2018 жылы жарияланған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы.

Түркістан өлкесіндегі руханият пен парасаттың мекені А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының құрылғанына  120 жыл толуын негізге ала отырып, асыл мұралар мен заманауи тың ақпараттардың ордасы, ұлттық идеологияның дамуына өлшеусіз үлес қосып отырған  білім мен тәрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыға көтерілуіне және оқу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етіп отырған,  оқырман мен жазбагердің арасындағы алтын көпір кітапхананың республика, облыс деңгейінде беделін көтеру, іс-тәжірибесін дәріптеу.

 

Бағдарламаның мақсаты:

1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында өлкетанушы Н.С.Лыкошиннің қолдауымен ашылған А.С.Пушкин атындағы кітапханасының 120 жылдық сындарлы соқпағын, қара шаңырақтың қоғамдағы елеулі орнын, облыс халқына қызмет көрсетудегі озық тәжірибелерін насихаттау. Қазақстандағы ең көне  ғасырдан астам тарихы бар кітапхананың  заман ағымымен, бірнеше даму, өсіп-өркендеу дәуірін халыққа таныту, таныстыру. Келушілердің жалпы оқырманның жоғарғы талғамын, сұранысын қанағаттандырып,заманауи үлгіде қызмет  көрсетуін үлгі ету.

  1. Өз дәуірінде теңдесі жоқ әдеби шығармаларына өмір беріп,артына мол мұра қалдырған адамзаттың ұлы ақыны,замандастары ерекше феномен ретінде баға берген А.С.Пушкиннің қайталанбас шығармаларын оқырмандарға, өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, ел болашағы жастарды руханиятқа жақындастыру.
  2. Қазақ даласына Пушкин есімін танытып, Пушкинді қазақша сөйлеткен Абай Құнабаев пен А.С.Пушкиннің қазақ және орыс халқының   әдеби-мәдени қалыптасу тарихындағы рухани байланысын зерттеп зерделеу. 

 

Бағдарлама міндеттері:

- Бағдарламаны облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы,  облыстық, қалалық,аудандық ОКЖ –нің тікелей қатысуымен іске асыру:

- Әдебиеттанушы, зерттеуші, тарихшыларды, жалпы оқырманды кітапханатану, абайтану,пушкинтану бағыты бойынша қажетті әдебиеттермен  қамтамасыз ету, ғылыми конференциялар өткізу, тиісті бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру.

- Сандық форматтағы А.С.Пушкиннің шығармаларын интернет пайдаланушыларының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 

 


2019-07-01

Бізге 120 жыл

Мамандығын сүйіп,күнделікті жұмысқа қуанып барған бір бақыт. Шаршағаның ұмыт болады егер бастаған ісің нәтиже берсе. Қолдау көрсететін басшың, демеу болатын әріптес достарың болғанда тіпті өзіңді бақытты сезінесің.


толығырақ...