КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ЖАҢАЛЫҚТАР


2019-04-19

Муса Джалиль – Герой татарского народа

19 апреля Центр национальных литератур при Туркестанской областной универсальной научной библиотеке им. А.С. Пушкина провел совместно с татаро-башкирским этнокультурным объединением города Шымкент вечер памяти Героя Советского Союза, татарского поэта Мусы Джалиля «Жизнь моя песней звенела в народе, Смерть моя песней борьбы прозвучит».


толығырақ...

2019-04-18

«Цирк – сиқырлық пен шынайылық ордасы»

Кітапханамызда ғажайып пен сиқырға толы "Шымкент цирк» өнер майталмандарымен «Цирк – сиқырлық пен шынайылық ордасы» атты бенефис шоуы өтті. Кеш барысында клоундар, акробаттар, сиқыршы, катушка(тепе-теңдікті сақтау), жонглерлар көрермен қауымға қызықты қойылымдарын ұсынып, өздерінің мерей тойларына арналып шығарылған кітаптарын сыйға тартты. Кеш қонақтары ерекше көңіл- күймен тарқасты.


толығырақ...

2019-04-17

«Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы мұраты»

17 сәуір күні кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі ОҚМФА «Қазақ, орыс және латын тілдері» кафедрасының студенттері мен мұғалімдеріне «Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы мұраты» атты тақырыпта ақпарат күнін өткізіп қайтты.


толығырақ...

2019-04-17

«Сағындық сізді, жан аға!»

Жас ұрпаққа алдыңғы буын ағалардың жанкешті еңбектерін дәріптеу, журналистика саласының сан қырларын таныту мақсатында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист, бар саналы ғұмырын облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне арнаған Өскенбай Әмзеевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Сағындық сізді, жан аға!» атты еске алу кеші өткізілді.


толығырақ...

2019-04-16

«Білім кілті - кітапта»

Бүгін мерзімді басылымдар залының «Сырласу-Альманах» жастар клубының мүшелерімен М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері бірлесіп 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай «Білім кілті - кітапта» атты кітап вернисажын өткізді.


толығырақ...

2019-04-12

«Харекет» кітабын насихаттау

Бүгін 12.04.2019 «Хит сезона» клуб мүшелерімен, Silkway, ОҚМПУ студент жастарымен кітап қорымызға келген дінтанушы, тарихшы, әдебиетші, абайтанушы Омар Жәлелдің монография түрінде жарыққа шыққан «Харекет» кітабын насихаттау мақсатында танымдық кеш болып өтті. Оқырман жастар «Харекет» шығармасын оқып, өз ойларын ортаға салды.


толығырақ...

2019-04-12

«Ақ жауынмен сырласқан Әбілда жыр»

Қара өлеңнің құлагері, Оңтүстіктің айтулы тұлғасы, туғанына 65 жыл толған ақиық ақын Әбілда Аймақтың артында қалған асыл мұраларын жастар арасында дәріптеу мақсатында «Ақ жауынмен сырласқан Әбілда жыр» атты ақынды еске алу кеші өтті.


толығырақ...

2019-04-11

«Кітапхана: Жаңа мүмкіндіктер.Заманауи бастамалар»

Кітапханада өткен «Кітапхана: Жаңа мүмкіндіктер.Заманауи бастамалар» облыстық кітапханашылар семинарында кітап өңдеу бөлімінің сектор басшысы Шынар Жұмашова «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында сандық форматқа көшіру туралы баяндама оқыды.


толығырақ...

2019-04-11

«Қиялға жан бітірген қос тарлан»

Бүгін 11 сәуір сағ: 14:30-да А.С.Пушкин кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Мұхтар Найманбаев пен Мұхтар Өтебаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қиялға жан бітірген қос тарлан» атты еске алу кеші өтті.


толығырақ...

2019-04-10

2019 жыл 9 маусым-Президент сайлауы

Бүгін кітапханада Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 9 маусымында Президент сайлауын өткізу туралы үндеуіне байланысты кітапхана қызметкерлерінің арнайы жиналысы болып өтті.


толығырақ...

2019-04-09

Сайлау - 2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау 2019 жылы 9-ы маусымда өтетінін мәлімдеді.


толығырақ...

2019-04-05

Kітапханалық саяхат

Кітапханалық "Ескерткішке тағзым" акциясы, "Жастар - руханият тірегі" бағдарламасы аясында Сайрам ауданына сапарымыз оң болды! Жастар жылында "Жас талант" ұйымының алғашқы сапары киелі Сайрам өңіріне зиярат етуден басталды.


толығырақ...

2019-04-04

"Ескерткішке тағзым" акциясы, "Жастар - руханият тірегі" бағдарламасы

А.С.Пушкин атындағы Түркістан ОӘҒ кітапханасының жанынан құрылған «Жас талант» ұйымы жастар жылына орай, «Тарихи-өлкетану» бөлімі ескерткіштерге тағзым бағыты бойынша Сайрам аудандық кітапханаларына, сонымен қатар Сайрамдағы Ибрахим ата, Қарашаш ана, Ақ ата, Боздақ ата және тағы басқа да киелі жерлерге кітапханалық саяхат жасауға жолға шықты.


толығырақ...

2019-04-02

Hеміс тілінен жасөспірімдер арасында халықаралық олимпиядасы

Кітапханамыздың шет тіліндегі әдебиеттер бөлімнің жанынан құрылған «Неміс тілі ақпараттық орталығы» аясында Алматы қаласындағы Гёте-Институтының қолдауымен неміс тілінен жасөспірімдер арасында халықаралық олимпиядасының 1-кезеңі болып өтті. Олимпиядаға Шымкент қаласынан 30 оқушы, аудан мектептерінен 4 оқушы қатысты.


толығырақ...

2019-04-02

"Кітапхана: Жаңа мүмкіндіктер. Заманауи бастамалар "

Бүгін кітапханада "Кітапхана: Жаңа мүмкіндіктер. Заманауи бастамалар " облыстық семинары өтті. Қатысушылар: қалалық, облыстық, аудандық кітапхана басшылары, орынбасарлар мен бөлім меңгерушілері. Алғашқы сөзді алған өңірімізге белгілі қаламгер М.Байғұт Нұр Отан ХДП-20 жылдығына арналған салтанатты жиынына қатысушы ретінде жиында көтерілген әлеуметтік ахуалдың өсіп-өркендеуін жастарға артылатын сенім, жалпы кітапханаларлың осы бағыттары туралы жұмысы туралы тереңірек әңгімеледі.


толығырақ...

2019-04-02

"Балалар - біздің болашағымыз"

Бүгін 2-сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай " "Балалар - біздің болашағымыз" атты тақырыпта кітапханада саяхат ұйымдастырылды.


толығырақ...

2019-04-01

“Ағылшын драма жастар фестивалі -2019” /English Drama Youth Festival – 2019/

Елбасы жариялаған "Жастар жылы" және кітапхананың 120 жылдық мерей тойы аясында шет тіліндегі әдебиеттер бөлімі бөлімдегі шет ел жазушыларының туындыларын насихаттауда «Шымкент қалалық әзіл-сықақ театрында» облыстық деңгейде “Ағылшын драма жастар фестивалі -2019” /English Drama Youth Festival – 2019/ фестивалі ұйымдастырылды.


толығырақ...

2019-03-29

«Туған жері нәр берген тарланбоздар»

Бүгін кітапханамызда жастарға әдебиет дейтін әлемнен рухани азық беретін, көкірек көзіне жан сәулесін түсіріп, қазақ прозасы мен поэзиясынан сусындауға шақыру мақсатында «Бір өлке – бір кітап» акциясын жариялау әдеби кеші өткізілді.


толығырақ...

2019-03-28

«Армысың, әз Наурыз»

А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап кітапханасының 120 жылдық мерейтойына арналған «Армысың, әз Наурыз» атты Наурыз дастарханы өтті.Облыстық мәдениет басқармасы, облыстық кәсіподақ ұйымынан, облыстық ардагерлер алқасы, зиялы қауым өкілдері, кітапханада талай жыл қызмет атқарған ардагерлер, облыстық кітапханалардан әріптестер және тағы басқа да қонақтар қатысты.


толығырақ...

2019-03-27

Кезекті Наурыз дастарханы

Ш.Дінасілова ханым басқарып отырған А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒ кітапханасы берекелі де мерекелі қасиетті жыл басы Наурызды 11-ші Наурыздан бастап 2-ші сәуірге дейін өз оқырмандарына дәріптеп келеді.


толығырақ...

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43