КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ЖАҢАЛЫҚТАР


2015-03-18

«Бір ел – бір кітап» - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы және «Бір өлке – бір кітап» - Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» шығармасы

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау. Сонымен қатар, жастарды кітапқа, соның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында Ұлттық Академиялық кітапханасының бастауымен 2007 жылдан бастап «Бір ел – бір кітап» акциясы өз жалғасын тапты. Биыл атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің туылғанына 100 жыл толуына орай жазушының «Көшпенділер» трилогиясын оқитын боламыз.


толығырақ...

2015-03-12

Ерлікке тағзым

12 наурыз күні Жеңістің 70 жыл толуына орай, А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен Ерлік мұражайында Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымовқа арналған «Ерлікке тағзым» атты тарихи-танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың өмір жолы мен әскери қызметі туралы кеңінен таныстыру. Жастарды әдебиетке деген қызығушылықтарын, патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке, достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке дәріптеу.


толығырақ...

2015-02-25

«Таныс болыңыздар: жаңа әдебиеттер»

Кітапхана қызметін пайдаланушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмек ретінде, кітапханаға келіп түскен әдебиеттерді насихаттау мақсатында Көпсалалы медициналық колледжінің 2 курс студенттері мен оқытушылары арасында «Таныс болыңыздар: жаңа әдебиеттер» атты тақырыпта ақпарат күні 10 ақпанда өткізілді.


толығырақ...

2015-02-12

Жан жарасына айналған Ауғанстан

12 ақпан күні, 15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлер күніне арналған «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. «Ауған соғысының ашылмаған ақиқаты» атты деректі фильм көрсетіліп, кеш ауған соғысының ардагері Бағдат Алтаевтың «Ауған оттары» әнімен ашылды. Кешті директор орынбасары Назарбек Үсіпахметов жүргізіп отырды.


толығырақ...

2015-02-06

Мархабаттың күнгей көңілі

2015 жылдың 5 ақпан күні кітапханада жергілікті жазушы-журналист, прозашы, публицист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың 70 жасқа толуына орай «Күнгей көңіл» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.


толығырақ...

2015-02-02

Жыл басынан кітапханада 2015 жылдың өзекті тақырыптарына арналған біршама кең көлемді тұрақты көрмелер

Жыл басынан кітапханада 2015 жылдың өзекті тақырыптарына арналған біршама кең көлемді тұрақты көрмелер ұйымдастырылды. Атап айтсақ:


толығырақ...

2015-01-30

«Тарихты білу - ұрпақ парызы»

Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие...», - делінген.


толығырақ...

2015-01-14

«Поэзия және жастар» атты пікір алмасу кеші

15 қаңтар күні А.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның жанынан ашылған «Мәңгілік ел» әдеби танымдық шығармашылық бірлесітігінің биылғы алғашқы отырысында оңтүстік жастарының шығармаларын оқырмандарға насихаттау, кеңінен таныстыру мақсатында жас ақындардан құралған «Поэзия және жастар» атты пікір алмасу кеші өтті.


толығырақ...

2014-12-17

«Барлық ұлттың бірлігі – тәуелсіздік тірегі»

Кітапхана оқу залында /12 желтоқсан күні/ 16 желтоқсан – ҚР тәуелсіздік күніне орай «Барлық ұлттың бірлігі – тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты кеш өтті. Мақсаты: Тәуелсіздік жолында құрбан болған Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қаракөз қыздарымыз бен ерлеріміздің ерлігін насихаттау, жас ұрпақ бойына еліне, жері мен ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


толығырақ...

2014-11-28

«Қазақты әлемге танытқан кемеңгер»

№55652 әскери әуе базасыымен бірлесе «Қазақты әлемге танытқан кемеңгер» атты салтанатты мерекелі кеш өтті. Кешке ОҚМПИ-ның философия ғылымдарының кандидаты, доцент Елбасымен сұхбаттас болған


толығырақ...

2014-11-23

Жас ақындар жалындап жыр оқыды

Аталы сөздің қадір–қасиетін бойына дарытып, алпыс екі тамырына таратып, ақындық дәстүрді үрдіс еткен жас ақындарымыз қаншама! Әрине, көп болғандығы қуантады. Ұлттық поэзиямыздың дәстүрін жалғап, өлең өрнегінде өзіндік жеке салмағы бар жырлар жазып жүрген жас ақындар А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бас қосты.


толығырақ...

2014-11-22

«Үш бәйтерек. Үш алып.»

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтарына жазықсыз, жолсыз «ұлтшыл» деген атақ тағылып, 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Солардың ішінде, қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтер бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, қуғын-сүргінге ұшырап атылды.


толығырақ...

2014-11-20

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауы қазақстандық азаматтардың жүрегіне жылылық ұялатқаны анық. «Нұрлы жол» - халықтың ертеңге деген сенімін нығайтты. 19 қараша күні А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК –да кітапхана қызметкерлері арасында Елбасының Жолдауы талқыланды. Кітапхана қызметкерлері Жолдаудың маңызына, ерекшелігіне тоқталып өтті.


толығырақ...

2014-11-07

«Ғылым – бейбітшілік дәнекері»

3-9 қараша аралығында А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен «Ғылым – бейбітшілік дәнекері» атты кітап апталығы өтті. Мақсаты: Оқырмандарды ғылымға, білімге деген құлшыныстарын ояту. Апталық нәтижесінде, оқырмандар кітапханаға көптеп тартылып, кітапқа деген сұраныстар ұлғайды.


толығырақ...

2014-10-30

"Әділеттілік – адами қасиеттің ең биік шыңы"

А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының жанынан құрылған «Заңгер» клубы мүшелерінің қатысуымен «Әділеттілік – адами қасиеттің ең биік шыңы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Клуб мүшелері: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ОҚМПИ, Жаңа технологиялар колледжінің студенттері болып табылады. «Заңгер» клубының жетекшісі, оқу залының меңгерушісі А.Тулекенова іс-шара қонақтарымен таныстырып, «Заңгер» жастар клубының ашылу мақсаты және міндетімен таныстырды.


толығырақ...

2014-10-28

Берен талант Бердібек

/Бердібек Соқпақбаевтың туылғанына - 90 жыл/ Түседі еске жалаң аяқ күндерім, Ақсүйекті ала қашқан түндерім. Сол қашқаннан мол қашыпты балалық Қайда екен көптен бері- ақ білмедім, - деп Қасым Аманжолов жырлағандай әр адам өзінің балалық шағын сағынышпен еске алатыны сөзсіз.


толығырақ...

2014-10-18

«Ауыр шаруашылығы мамандарына кеңес»

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен «Ауыр шаруашылығы мамандарына кеңес» атты кітап көрмесі өтті. Ветеринария, мал шаруашылығы, өсімдік, ара шаруашылығы және көптеген кітаптар ұсынылды.


толығырақ...

2014-10-17

«Ақжол және Алаш арыстары» атты кітап көрмесі

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің 90 жылдығына орай, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ақжол және Алаш арыстары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.


толығырақ...

2014-10-16

ҚР Ресей әріптестігі өкілеттілігі басшысының орынбасары Переверзева Ирина Владимировна кітапханаға қадірлі қонақ болып келді.

ҚР Ресей әріптестігі өкілеттілігі басшысының орынбасары Переверзева Ирина Владимировна кітапханаға қадірлі қонақ болып келді. Ол Кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп, Ресейден шыққан құнды кітаптарын кітапханаға тарту етті.


толығырақ...

2014-10-10

Оңтүстіктің өрлі ақыны

Беу, далам, қызыңмын, еркемін, Құлпырып гүлің боп төсіңде, - деп өзі жырлайтын туған даланың төсінде нәзік гүл болып тербелген даланың ерке қызы, әдебиетімізге тұшымды туындалар беріп, жемісті еңбек етіп келе жатқан қаламгердің қос бірдей кітаптарының тұсауы кесілді.


толығырақ...

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38