КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ЖАҢАЛЫҚТАР


2014-02-11

«Ауғанстан – мәңгі жадымызда»

Кітапхананың мерзімді басылымдар залында Ауған соғысы ардагерлерінің төл мерекесіне арналған «Ауғанстан – мәңгі жадымызда» атты көрме ұйымдастырылды.


толығырақ...

2014-02-06

«Culture study»

Шет тілі әдебиеттер бөлімінде шет тілін дамытуға арналған Америка елінің мәдениетімен танысу туралы танымдық сабақ өткізілді.


толығырақ...

2014-02-05

«Қазақ сахнасының шебері»

Қазақ кино жұлдызының саңлағы Шәкен Аймановтың туылғанына – 100 жыл толуына орай, кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінде «Қазақ сахнасының шебері» тақырыбында тұрақты кітап көрмесі мен «Қазақ кино өнерінің құлагері» тақырыбында мерзімді басылымдарға шолу жасалды.


толығырақ...

2014-02-04

«Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі»

Мерзімді басылымдар залында «Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» атты көрме ұйымдастырылды. Сирек кездесетін өсімдіктер мен аң құстарды, жалпы табиғатты қорғау баршаның ісі. Көрмеге экологияға байланысты журналдар тізбегі мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар,ұсыныстар қойылды. Көрмеге газет –журналдар беттерінде жарық көрген қоршаған ортаны қорғауға үгіттейтін, табиғатты аялауғу шақыратын мақалалардың жиынтығы қойылды. Сондай- ақ, «Қазақстанның табиғатын қорғау» тақырыбында ұстаздарға арнап ашық сабақ үлгілері ұсынылды.


толығырақ...

2014-02-04

«Economik Barakholka»

Шет тілі әдебиеттер бөлімінде «Fulbright» бағдарламасы бойынша Қазақстан елінде өз білімін жалғастырып жүрген магистр студент Дина Шолк Америкалық бұрышта өз презентациясын қонақтарға ұсынды.Презентация «Economik Barakholka» тақырыбы аясында болды.


толығырақ...

2014-01-24

«Бір Отан! Бір халық! Бір Елбасы!»

Кітапхананың оқу залында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан жолы – 2050 бағдарламасы бойынша кітапханашылар арасында талдау,талқылау жүргізілді. « Бір Отан! Бір халық! Бір Елбасы!» тақырыбында кең көлемді тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


толығырақ...

2014-01-20

«Оқы және басқалармен бөліс»

Мерзімді басылымдар залында Шымкенттегі Жолдасбеков атындағы №9 орта мектеп – лицейінің11 сынып оқушысы Буров Владленнің ұйымдастыруымен «Оқы және басқалармен бөліс» атты акция болып өтті.Акцияға әр мектептерден 15 пен 18 жас аралығындағы 18 оқушы қатысты. Олар1 сағат көлемінде ғылыми және танымдық журналдардан қызықты мақалаларды,сонымен бірге А.Чеховтың, А.Куприннің, И.Бунин сияқты орыс классиктерінің және т.б. шетелдің классиктерінің әңгімелерін оқыды,оқыған соң алған әсерлерімен бөлісе отырды.Осы сияқты акциялар жоғары сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуы үшін пайдалы және өте қажет.


толығырақ...

2014-01-16

«Өмірі өлеңмен өрілген» кездесу кеші

Әділет депертаментінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын Ханбибі Есенқарақызымен кездесу кеші болып өтті. Кітапхананың оқу залы «Өмірі өлеңмен өрілген» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.Жоғары оқу орындарының студенттері ақын шығармаларынан үзінді оқып көпшілікті өлеңмен сусындады. Ақын өсөз алып,өлеңдерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, «Ақ жол» кітабының көптеп басылып жатқандығын айтып жеткізді.


толығырақ...

2014-01-16

Экскурсия

Кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінде кітап қөрмелеріне орта оқу орындарына экскурсия жүргізілді. Жас оқырмандарға бөлім басшылары кітап көрмелері мен түрлі тақырыптардағы кітаптарды көрсетіп жастарды кітап оқуға насихаттады.


толығырақ...

2014-01-14

Көрме - ақпарат

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар залында «Қазақ әдебиеті» газетінің шығуының 80 жылдығына арналған көрме – ақпарат ұйымдастырылды. Көрмеге «Қазақ әдебиеті» газетінің шығу тарихының қызықты деректері,сонымен бірге өзінің тартымды мақалаларының арқасында мәдениет пен өнер,әдебиет саласында республикадағы ең басты газета деп мойындалғаны туралы мәліметтер келтірілді.


толығырақ...

2014-01-08

Ұлт мақтанышы

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК – ның мерзімді басылымдар залында «Ұлт мақтанышы» және «Көркемсөз шеберлері» атты тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды.Көрмеге қазақтың әйгілі,тарихта аты қалған тұлғалары жайлы мәлімет беретін журналдар мен әлем әдебиетінің классикалық туындылары мен осы заманғы үздік шығармалардың авторлары туралы,шығармалары жайлы сыр шертетін журналдар тізбегі қойылды.


толығырақ...

2013-12-28

«Move club»

Шымкенттегі Америкалық орталықтың мүдделес клубтарында «Move club» сағаты өткізілді. Move clubта-та «Little waman» бейне фильмі көрсетілді. Аталмыш сағатта студенттер өздеріне жаңа сөз корын жинап,соңында бейне фильмге талқылау жүргізілді.


толығырақ...

2013-12-27

«Ғаламшарлық қаламгер»

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК –ның оқу залында Ұлт руханиятын байыта түсетін тәрбиелік мәні бар көркем туындыларды насихаттау, жас ұрпақ санасының қалыптасуына ықпал ету және де жастарды әдебиетке деген қызығушылықтарын, патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке, достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке дәріптеу мақсатында, Шыңғыс Айтматовтың туылғанына – 85 жыл толуына орай «Ғаламшарлық қаламгер» тақырыбында оқырмандар конференциясы болып өтті.


толығырақ...

2013-12-24

«Қаламы қылыш қайраткер»

Кітапхананың оқу залы Жазушы Асқар Сүлейменовтың туылғанына – 75 жыл толуына орай «Қаламы қылыш қайраткер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырды.


толығырақ...

2013-12-24

«Christmaz Day»

Шет тілі әдебиеттер бөлімі Шымкенттегі Америкалық орталықта,Америка елінің жаңа жылдық «Christmaz Day» мерекелік кеші аталып өтілді. Кеште студенттер жаңа жылдық бағдарламаға, ойындар ойнап,би билеп,сурет салып пазл құрастырды.Өз еңбектерімен сыйлықтарға ие болды.


толығырақ...

2013-12-19

Энергетика – экономиканың тірегі

Мерзімді басылымдар залында «Энергетика – экономиканың тірегі» атты көрме ұйымдастырды. «Болашақ энергиясы» әлемнің барлық мемлекеттерінің нөмірі бірінші мәселесіне айналды. Елбасының «Жасыл көпір» бастамасы әлем бойынша экологиялық таза экономиканы дамыту мәселесін оңтайлы шешу болып табылады.


толығырақ...

2013-12-15

«Отанымның жүрегі – Тәуелсіздік тірегі»

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК- ның оқу залында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай, «Отанымның жүрегі – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында кітап көрмесі қойылды.


толығырақ...

2013-12-13

«Жүз жылға жаңарған жыр»

Әдебиет Тарланбозының Төресі лирикақын,драматург,әдебиет сыншысы Қалижан Бекхожиннің туғанына -100 жыл толуына орай, «Жүз жылға жаңарған жыр» атты кітап көрмесі қойылды.


толығырақ...

2013-12-12

«Отанымның жүрегі – Тәуелсіздік тірегі»

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК- ның оқу залында «Отанымның жүрегі – Тәуелсіздік тірегі» кітап көрмесі қойылды.


толығырақ...

2013-12-11

«Мен және менің құқығым»

Кітапхананың оқу залында 10 желтоқсан – Халықаралық адам құқықтары күніне орай «Заңгер» клубының атсалысуымен «Мен және менің құқығым» атты іс – шара болып өтті. Мақсаты: Ата Заңмен берілген құқықтық мүмкіндіктерді,конститутциялық құқықты жете білуге,өз мүддемізді қорғай білуге,


толығырақ...

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40