КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ЖАҢАЛЫҚТАР


2019-09-17

«Кітапхана – білім мен ғылым ордасы»

Бүгін, кітапхананың әмбебап қорымен, тыныс – тіршілігімен таныстыру, кітап оқуға баулу мақсатында ұйымдастырылған «Кітапхана – білім мен ғылым ордасы» тақырыптағы апталық экскурсияға Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің І курс студенттері мен №63 Негізгі орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.


толығырақ...

2019-09-13

«Мен екенмін өмірде арманы көп...»

Қазақтың Ханбибісі, жыр апасы, арқалы ақын Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерейтой құрметіне «Мен екенмін өмірде арманы көп...» портрет кеші өтті. Кешті қызықтауға, ұлықтауға, құттықтауға жыр апаның замандас, қызметтес ақын- жазушылары, әзілдері жарасқан жақсы- жайсаңдары мен поэзияға жаны құштар жастарымыз келді.


толығырақ...

2019-09-12

«И назовет меня..» - «Атым да аталар..»

А.С.Пушкиннің 220 жылдық мерейтойына арнап кітапханамыз күнделікті оқырмандарына «И назовет меня..» - «Атым да аталар..» кино- ностальгия көрсетілімін көрсетті. Кино маманы И.Верещагин құрастырған фильмде Пушкин жазбалары, сирек фотолары, тарихи құжаттары, ақынның саяхат жасаған Орынбор мен Оралдың қазіргі өзгерістері, өмірінің соңғы жылдарында тұрған Петербургтегі үйі көз алдыңнан өтеді.


толығырақ...

2019-09-06

АРЫС КІТАПХАНА БІЗ БІРГЕМІЗ

Арыстағы апат күндер қайталанбасын деп тілейміз. 4 қыркүйек 2019 жылы Пушкин кітапханасында өткен ізгілік кешінде сол күндерде Әріптестерін іздеген Түркістан облыстық кітапханашылары арасынан ерекшеленгендері ҚР ҰАК директоры атынан арнайы жіберілген алғыс хаттармен марапатталды.


толығырақ...

2019-09-06

«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»

Бүгін А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың казақ еліне жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» тақырыбындағы алғашқы жолдауымен танысты.


толығырақ...

2019-09-05

«Үлкен жаңалықтар жолында»

Әл – Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқаны бар. Білім - санаға сіңіп, ойда қалады. Ал тәрбие адамның күллі жан – дүниесіне әсер етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбие – кең ұғым. А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Білім күніне орай мерзімді басылымдар залында «Үлкен жаңалықтар жолында» атты көрме жасалды. Көрмеге жас ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне арналған газеттер мен журналдар қойылды. Келіңіздер, оқыңыздар!


толығырақ...

2019-09-04

"Арыс Кітапхана Біз біргеміз" Ізгілік кеші

Арыстағы апатқа бүгін тура 71 күн. Сәрсенбінің сәтті күні Арыстық Әріптестерімізді ортаға алып аудандық , қалалық ОКЖ директорлары,әдіскерлері 120 жылдық тарихы бар Пушкин кітапханасында ізгілік кешін өткізді. Қазақта «Қорыққан түбі қуаныш болсын» -деген ғибратты сөз бар.


толығырақ...

2019-09-01

«Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ»

1 қыркүйек – Білім күніне орай ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» атты Ашық есік күні бүгін де өз жалғасын табуда. Іс-шараға № 63 негізгі орта мектебінің 2, 4 сынып оқушылары қатысты. Келушілер үшін кітапхана бойынша экскурсиялар, кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысымен таныстырылымдар және оқырмандар үшін безендірілген кітап пен сурет көрмелеріне шолу ұйымдастырылды.


толығырақ...

2019-08-29

Конституция күні – мемлекеттік мереке !

Конституция күні – мемлекеттік мереке. Барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!


толығырақ...

2019-08-28

«Қазағымның айбынысың – Ата Заң»

Бүгін егеменді еліміз үшін елеулі күн, мерекелі күн, қуанышты күн, жұмыр жердегі жұртшылықты бір тудың астына бірлікпен жинап отырған айбынды Ата Заңымыз қабылданған күн- Конституция күні! Конституция-болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі. Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспеттес болған конституцияны құрметтеу әр азаматтың борышы.


толығырақ...

2019-08-23

Қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева мерейлі 75 жаста.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Ақжайықтың ақ шағаласы атанған қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева мерейлі 75 жаста.


толығырақ...

2019-08-20

Кітап – Жеміс ағашы

Көрдің талай аралап, Мәуелі жеміс бақшасын. Тәттілерін таңдап ап, Жемісін қайта өнер ме?! Кітап та – алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін!


толығырақ...

2019-08-20

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлы дала. Астаналар шежіресі Ұлы қазақ, даласының тарихындағы оныншы Астана. Астана. Ақмола қаласының шексіз далаларында әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан.


толығырақ...

2019-08-19

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлы дала. Астаналар шежіресі Ұлы қазақ, даласының тарихындағы тоғызыншы Астана. Алматы. Алматы қаласы (Бұрынғы Верный) 1929-1998 жж. Қазақстан астанасы болған. X-XIV ғғ. қазіргі Алматының орнында ортағасырлық Алмату қонысы болған. Кейін 1854 жылы орыс казактары Верный фортын салынған.


толығырақ...

2019-08-16

«Сен едің бір қазына, Шәмші аға»

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы шашасына шаң жұқтырмайтын қазақ әнінің хас жүйрігі – Ш.Қалдаяқовтың туылған күніне арналған «Ән еркесі» атты ән кешін өткізді.


толығырақ...

2019-08-15

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлы дала. Астаналар шежіресі Ұлы қазақ, даласының тарихындағы жетінші Астана. Орынбор. Орынбор қаласының негізі 1743 жылдың 19 сәуірінде қаланған. Алғашқы бекініс 1735 жылдың 31 тамызында қазіргі Орсктің орнында салынған, осылай, қаланың атауы да пайда болды — Орынбор (Орь өзенің бойында орналасқан бекініс).


толығырақ...

2019-08-14

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлы дала. Астаналар шежіресі Ұлы қазақ, даласының тарихындағы алтыншы Астана. Семей. Семей қаласы — Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 годы). Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол Петр I дәуірінде салынған.


толығырақ...

2019-08-13

Балаларға арналған бұрыш!

Абонемент бөліміндегі балаларға арналған бұрышта біздің кішкентай оқырмандарымыз қонақта !


толығырақ...

2019-08-13

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлы дала. Астаналар шежіресі Ұлы қазақ, даласының тарихындағы бесінші Астана.


толығырақ...

2019-08-12

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Ұлы дала. Астаналар шежіресі Ұлы қазақ, даласының тарихындағы төртінші Астана.


толығырақ...

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52