КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-03-16

Құрметті Отандастар!

2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуір аралығында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ғаламды жайлаған індет өкінішке орай біздің елімізге де келіп жетті.


    Басымызға түскен сынаққа халық болып тосқауыл қою басты міндет. Қарапайым сақтық шараларын, жеке бастың гигиенасын сақтау денсаулығымыздың кепілі. Әрбір қуанышымызды жақынымызбен бөліскіміз келетін қонақжай халықпыз. Бірақ нәубет күндер артта қалған соң амандықпен қауышу үшін басқосуларды, тойларды, отбасылық мерекелерді тоқтата тұрғанымыз ләзім. Әлемді жайлаған індеттің беті қайтқанша үйреншікті өмір сүру дағдымызға өзгеріс енгізу қажеттілігі туындады.
   Мемлекет басшысының Жарлығында айтылған алдын алу және сақтандыру шараларын іске асыруға барынша қолдау көрсету әрбір қазақстандықтың міндеті.
   Сабырлықты ту етіп, жалған қауесеттерге бой алдырмай төтенше жағдайдан бірлігіміздің арқасында сүрінбей өтетінімізге сенімдімін.
    16 наурыздан бастап Түркістан облысындағы барлық кітапханалар онлайн режимде қызмет көрсететін болады. Рухани байлықпен қауышып, отбасыларыңызбен кітап атты ғажап құбылыспен сырласу үшін http:
www.kazneb.kz электрондық кітапханасының бай қорын пайдалануды ұсынамын.
      Ел аман жұрт тыныш болсын ағайын.
      Басты байлық денсаулық,
денсаулықтарыңыз мықты болсын!

А.С.Пушкин атындағы
ТОӘҒК директоры Ш.Динасилова