КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-03-16

Құрметті отандастар!

Жаратқанның адамға берген ең үлкен аманатының бірі - денсаулығы. Осыны бүкіл әлем болып енді ғана түсініп отырғандай. Коронавирус ауруы Қытай елінен басталып, жаһанның бірнеше елдеріне тарап үлгерді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызды сабырға шықырып, байбаламдыққа салынбауды ұсынды.


 

Көпшілік ортада гигиеналық шараларды қатаң ұстану арқылы аурудың алдын алуға болатынын жеткізді. Топтастырылып өткізілетін барлық жиындар мен шараларға тиым салынды. Оның ішінде қазақтың қанына сіңіп қалған той өткізу шаралары да бар. Қуанышты атап өту еш уақытта кеш болмайды. Сондықтан, дүрлігуден сақ болып, азық-түлікті жаппай сатып алу арқылы ысыраптылыққа жол бермейік! Деніміздің саулығы- еліміздің байлығы екенін ұмытпайық!

Жеңісбек Мәуленқұлов
Түркістан облысының Ардагерлер кеңісінің төрағасы,
Түркістан облысының құрметті азаматы