КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-03-16

Құрметті жерлестер!

Бүгінгідей аласапыран кезеңде бізді бұл тығырықтан сабырлылық, жауапкершілік қана алып шығады. Осындай келеңсіз шақта Мемлекет басшысының қабылдаған төтенше жағдай енгізу туралы шешімі орынды болды деп ойлаймын.


Мемлекет барлық деңгейдегі сақтық шараларын жасап жатыр. Әлеммен байланыс уақытша тоқтатылды. Адам жиылатын орындардың барлығы әр сәт сайын тазаланып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық шаралар пысықталып жатыр. Енді біздің меншігімізде билік басындағыларға қолдау көрсетіп, айтқандарын айна-қатесіз орындау ғана тұр.
Ешкімнің басына өзі көтере алмайтын сынақ келмейді. Біз бұл қиындықты да еңсереміз. Тек қана уақытша сынаққа сабырлылық танытып, отбасымыздың, ауыл-аймағымыздың, Отанымыздың амандығы үшін барынша сақтық шараларын сақтайық!

Рахманбердиев Орынбай
Қоғам және мемлекет қайраткері,
Түркістан облысының құрметті азаматы.