КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-03-19

Біз біргеміз !

Қымбатты Нұр-Сұлтан,Алматы қаласында тұратын Отандастар! Екі алпауыт қалада болып жатқан жағдайды көріп,есітіп күйзеліп отырмыз. Әрбір қазақ жалғызым,әрбір қазақстандық бауырым! Біз Сіздермен біргеміз!. Қастарыңызда болмасақ та тілегіміз бен ізгі ниетіміз бірге. Ауызбіршілік пен бірлік, сары алтындай төзім сынаққа түсетін сәт туды. Сабырлы болыңыздар!


    Тағдырымыз ұдайы сынаққа түсіп тұрған халықпыз ғой,бұл күндерді де артқа тастап жарқын болашаққа қадам басатынымызға сенемін. Ел жүрегі Нұр-Сұлтанда, ару қала Алматыда тұратын баршаңызға алыстағы Тұран даласының ыстық сәлемі мен ыстық ықыласын жолдаймын. Науқасқа шалдыққан жандардың Алла емінің шипасын берсін. Көз ілмей,отбасын ұмытып ауруханада түнеп жүрген ақ халатты абзал жандарға, тәртіп сақшыларына, ерекше категорияға еніп қызмет орнын тастап кетпей отырған барша отандастарыма басымды иіп алғыс айтамын.

    Сабырлықпен,ынтымақпен,белгілі тәртіптік қағидаларды сақтаумен осы күндерден аман есен шығуды жазсын! Жақсы күндерде жолығайық!
       БІЗ СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ!

       А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК директоры Шарбану Әлмаханбетқызы.