КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-03-20

Біз біргеміз !

Әлемдегі ахуал қиын жағдайда. Ел ерге, көшбасшылар халыққа қамқор болып қолдау көрсететін сәт. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуі халыққа демеу болатыны сөзсіз.


Сайын даланы мекен еткен біздің халықтың басқалар үлгі тұтатын қасиетінің бірі жомарттық пен қиналғанға қол ұшын созу. Елбасы үндеуі де барлық бағытты қамтып, ел басына күн туғанда бірлесіп, ынтымақпен қиындықтан шығуға жол көрсетіп отыр. Елбасының үндеуі, Мемлекет басшысының жарлығы әлемде жарияланған пандемиядан халқымыздың амандықпен шығуына жасалып жатқан жағдайлар екенін әрбір қазақстандық ұғынып,қолдау көрсету басты парызымыз. Жер шарын шарлап жүрген нәубетке қарсы халық пен үкімет бірлесіп жұмылған жұдырықтай күресейік. Елім деп халықтың қамын жеген ерлеріміздің бастамаларына сәттілік тілейміз. Үндеуде аталып көрсетілген бастамалардың барлығы да біз бен сіздің қиындықты еңсеруге деген күш-жігеріміздің сарқылмауына себеп болары сөзсіз.
Әлемдегі барлық сағаттың көзін жойсаң да уақытты тоқтата алмайсың /М.Байғұт/
Демек, бұл күндер де артта қалып, ізгілікті, жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімді болайық.
Біз біргеміз!
А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК директоры Ш.Динасилова