КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-09-14

Жаңадан келіп түскен әдебиеттер

Кітапханамыздың қорына қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап «Халықаралық Абай клубы» шығарған, ақынның 10 томдық толық шығармалар жинағы келіп түсті.


Жинақтың 9-томы «Абай туралы сөз» кітабында әлем елдерінің әйгілі әдебиетшілері,ақын жазушылары,ғалымдары,дін қайраткерлері Абай бабамыз туралы терең ойларын білдіреді.Бұл Абай әлемінің шалқар кеңдігін,асқақ биіктігін,бүкіл адамзатқа ортақ, рухани құндылық екенін көрсетеді.
Мұхтар Әуезовтың  «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы, халық үні.

Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр».-деуі тарихи шындыққа айналуда.
Сонымен қатар Қоғам қайраткері,ақын «Ақ жол партиясының мүшесі Ханбибі Есенқарақызының бастамасымен құрастырылған
«Ақ жол» газетінің 25 томдық жинағы да,келіп түсті,және де Мемлекеттік тапсырыстан әр түрлі сала бойынша.көркем әдебиеттер,тарихи романдармен кітапханамыздың қоры толықтырылып жатыр.
Кітап оқып рухани бай болайық!