КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-09-18

Онлайн байқау !

Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» атты online байқау ережесі


А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының

ұйымдастыруымен өтетін

«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»

 атты online байқау

ЕРЕЖЕСІ

 І.  Байқаудың мақсаты:

-   Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап «Халықаралық             

    Абай клубы» шығарған, ақынның кітапханаға жаңадан түскен 10    

    томдық  толық шығармалар жинағын насихаттау.

  • Оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау.
  • Қазақтың тілі мен әдебиетіне ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани  бірлігін нығайту. Рухты жастарды тәрбиелеу.

 

ІІ.  Байқауға қатысу шарттары:

  • Байқауға 16 жастан жоғары, кез-келген өңірдің әдебиетсүйер оқырмандары қатыса алады;
  • Жаңа түскен кітаптармен танысып, ұнаған кітабін таңдау;
  • «Мен таңдаған үзінді...» шығармадан үзінді оқу. /3 минут/
  • Қатысушылар бейне материалдарын 14 қазанға дейін libraryshym@mail.ru почтасына, 87073089910 WhatsApp желісіне жолдау қажет.

ІІІ.  Жеңімпаздарды анықтау

  • 2020 жылдың 18 қыркүйек - 14 қазан аралығында жолданған материалдар  желіге салынып отырады
  • Байқауға қатысушыларға /А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық      

әмбебап ғылыми кітапханасы / Facebook парақшасында (лайк, нравится батырмасы арқылы ) дауыс беруге болады;

  • Ең көп ұнау (лайк, нравится) белгісін жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

ІV.  Бағалау кезінде ескереді

       Бейнебаянның сапасына, дыбысының анықтығына көңіл бөлінеді;

V. Ұйымдастырушы

1. А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

 

VІ. Жеңімпаздарды марапаттау

І орын – біреу

ІІ орын – біреу

ІІІ орын – біреу

 

Жеңімпаздар кітапхананың  Алғыс хаты және сыйлықтарымен марапатталады.

Үздіктің үздігі  Шымкент қаласының  «Кәусар»  шайханасында Қазақстандағы ірі кофейнялардың бірі  Global Koffee–нің негізін қалаушы, жас кәсіпкер Аят Азимов және көркем сөз оқу шебері, үздік журналист, жас кәсіпкер Марал Жұмагелдімен сырлы кеш өткізеді.

 

VІІ . Қосымша ақпарат:

Байланыс тел: 8 776 200 57 09

Мекен жайымыз:

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 13 «а»