КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-10-24

Мемлекет басшысына мың рақмет!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тағы да тектілігін, кемел ойлылығын, алысты болжайтынын айқын көрсетті. Кітап оқуға бетбұрыс жасауды, мектептен бастап жас ұрпақты оқырмандық мәдениетке баулуды терең мәністей мазмұндап берді.


Кітапханалардың ағартушылық орнын ешқашан да, ештеңе де алмастыра алмайтынын ерекшелей екшеді. Ақын-жазушылардың қашаннан бері шырылдай айтып, жазып жүрген мәселесін Мемлекет басшысы жүрекжарды, тағдыршешті түйінсөзімен тағылымдады.

Мың рақмет Сізге!

Жаңа Жолдауыңызда да тұтас ұлт сапасын арттыруды, адамды және қоғамды уақыт талабына сай арттыруды, адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіруді, ұлтты жаңартып, елді жаңғыртуды айрықшалап көрсеткен едіңіз. Осы міндеттерді ойдағыдай орындауда да кітаптың, көркем әдебиеттің жөні бөлек, жосығы еректігін ескерген ерендігіңізге ризамыз!

Мархабат Байғұт

Жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері