КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-11-02

ШЫҒЫСТЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

Қашықтықтан кітаппен таныстыру Биыл көрнекті ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл толып отыр. Ш.Уәлиханов – дүние жүзі ғылымына қомақты үлес қосқан, әлемге танылған алғашқы қазақ ғалымы. Оның шығармалары мен еңбектері күні бүгінге дейін ғылыми, жаңашыл құндылығын жойған жоқ.


    «Оның бойында тарихшының, географтың, әдебиетшінің, тіл білімін зерттеушінің және жауынгердің таланты үйлесім тапты. Пенде атаулыда сирек кездесетін ұлы талант оған шынайы достарды сыйға тартты», – деп жазады Олжас Сүлейменов.

   Бүгінгі таңда Шоқан Уәлихановтың бастамасы, яғни, көрегендік идеясы еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген ішкі және сыртқы саясатында нақты көрініс тауып, іске асырылуда деп сеніммен айтуға болады. Ғалымның қысқа ғұмырында атқарған ерен еңбегінің тағылымы тек Қазақстан үшін емес, сонымен қатар, Орта Азия мен Еуропа елдері үшін де өшпес рух, өлмес мұра.

      Таныстырған: Абдрашова Мадина