Оқырман «Ақ жол» газетін енді кітаптан оқуға болады!
АҚ ЖОЛ !
Өткен ғасырдың бас кезінде жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалаларынан құралған бұл кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
Бұл кітаптың тарихи-танымдық тұрғыдан алғанда саналы оқырман қауымға берері мол. Әсіресе арада ғасырға жуық уақыт өтсе де бүгіннің күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселелер турасындағы Алаш зиялыларының өткір ойлары оқыған адамды толғандырмай қоймайды.