КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-10-28

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР САТИРИК

Мыңбай Рәш 1930 жылы 19 қазанда Семей облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі Аягөз) 10-ауылында туған. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, «Ара–Шмель» журналдарында бөлім меңгерушісі болған.


Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеген. «Ғылым» баспасы бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет еткен.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Алғашқы борозда» деген атпен жарыққа шықты. Лирикалық, азаматтық өлеңмен бірге, көбінесе сатира жанрында еңбек етеді. Сықақтары, фельетондары мен мысалдары туысқан республикалар тілдеріне аударылған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Таныстырған: Тастанбекова Айнұр

 

<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/video.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2F100021920771296%2Fvideos%2F850960995644585%2F&show_text=0&width=476" width="476" height="476" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowTransparency="true" allowFullScreen="true"></iframe>