КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-11-04

ӨНЕГЕЛІ АДАМДАР ӨМІРІН ЖАСАҒАН ЖАЗУШЫ

Бүгін Қазақстан жазушылар Одағының "Әдеби өлкетануды дамыту" жобасы аясында кітапханамызда жақында құрылған «Өлкені әдебиет арқылы таниық» атты жаңа жоба барысында ZOOM платформасында Сәуірбек Бақбергеновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Өнегелі адамдар өмірін жасаған жазушы» атты онлайн-конференция ұйымдастырылды.


Онлайн эфирге елордадан қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов, жазушы Жарылқап Бейсенбайұлы, кітапхана төрінен жазушы Мархабат Байғұт, ақын-жазушы Мыңжасар Асқаров, журналист-жазушы, Қазақстан жазушылар Одағы Шымкент филиалының директоры Жеңіс Баһадүр, журналист Мақсат Қарғабай, жазушының кіндік қаны тамған Созақ өңірінен Созақ аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев мырза, С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектептің директоры Дайырбек Оспанов қатысты.

Мәні де маңызы зор шарада қаламгер шығармашылығы хақында естеліктер айтылып, арнау өлеңдер оқылып, пікір бөлісіп, Сәуірбек Бақбергенов есімін мәңгілік есте сақтау мақсатында атқарылатын бірқатар жұмыстар мен жоспарларды ортаға салды.

Мазмұнды әрі мағыналы кездесу үшін конференция қатысушыларына, жалпы оқырманға алғысымыз шексіз!

#СәуірбекБақбергенов100ж.

#онлайнконференция