КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2020-11-16

СЕЗІМ

автор: Марфуға Айтқожина Оқыған: Ақпанова Гүлнәр Сезім – гүл, үзілсе солатын, Сезім – құс, кеудеңе қонатын. Сезім – жаз, жаныңды жылытқан, Сезім – қыс, боранын ұлытқан.


Сезім тау, шыңына шыға алмас,

Сезімсіз жан түкті ұға алмас.

Сезім – көл, толассыз тулаған,

Сезімсіз еш адам тумаған.

Сезім – жар, құлап та кетесің,

Жаныңды жаралы етесің.

Сезім ғой – сусыным қанбаған,

Арман ол қанаты талмаған ...