КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2012-02-27

Оңтүстік Қазақстан облысы

Солтүстігінде Қарағанды, Шығысында Жамбыл, Батысында Қызылорда облыстарымен, Оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектесетін Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы ежелгі дәуірден келе жатыр. Тарихы терең тұңғиық. Ал 80 жыл деп атауымыз, 1932 ж. 10 наурызда шекаралары заңды түрде делимитацияланып, Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталған.

1962- 1992 ж.ж.  дейін Шымкент облысы деп, ал 1993 ж.  Бастап қайтадан Оңтүстік Қазақстан облысы деп атала бастады.

Бүгінгі таңда облысымызда (2009ж.  Санақ бойынша) 2,5 млн., ал Шымкент қаласында 680 мыңнан астам халық тұрады.

Биыл -2012 ж. өлкеміздің 80 жылдық мерей тойына арналып облыстың зиялы қауымы, «менің Отаным»- деп жүрек жалыны жанып тұрған патриот азаматтарымызда, жұртшылық  атсалысуда. әрқайсысы, әр салада өз үлесін қосуда. Біз кітапхана қызметкерлері де (оқу залының қызметкерлері)  титтей де болса өз үлесімізді қоссақ деген үмітпен оқу залында «Шежірелі өлкем- Оңтүстік» деген атпен үлкен көрме ұйымдастырдық. Бұл көрмеде 158 дана кітап, альбомдар қойылған. Көрмеде оқырман қауым- өлке тарихын, аңыз- әңгімелерімен, қала- аудандарымен, сәулет өнері мен архитектуралық ескерткіштерімен, ауыл шаруашылығымен, экономика мен  өндірістерімен, бүгінгі таңдағы облыс тынысымен, табиғатымен, т.б. таныса алады. әсіресе көзге түсетін «Қазыналы Оңтүстік» атты 50 томдық кітап. Бұл кітаптарда өлкенің тарихынан бастап бала тәрбиелеу, ән- күйі сияқты ақпарат алуға болады. Сонымен қатар көрмеде жергілікті ақын- жазушылардың шығармалары қойылған. әрине олар өздерінің әдеби шығармаларында өлкеміздің тыныс- танымын көркемдеп суреттеген.

Осылайша кітап көрмелері арқылы өз өлкемізге деген сүйіспеншілігімізді көрсете отырып, оны болашақ ұрпаққа насихаттай өлке мерей тойына үлес қосудамыз.