КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2012-12-24

«Халық өнерінің жанашыры»

Әдебиеттанудың алыбы Әдебиеттанушы, академик Рахманқұл Бердібайдың туылғанына - 85 жыл толуына орай А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдеби еске алу кеші өтті. «Халық өнерінің жанашыры» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.


Әдебиеттанудың алыбы

       Әдебиеттанушы, академик Рахманқұл Бердібайдың туылғанына -  85 жыл толуына орай А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдеби еске алу кеші өтті. «Халық өнерінің жанашыры» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.  Еске алу кешінде ғалым Әмір Мұсақұлов академик туралы әдемі естеліктермен бөлісті.  Сонымен бірге, жазушы Мархабат Байғұт, ғалым Болат Қорғанбек, ақын Сәрсен Бек Сахабат  әдебиеттанушымен бірге жүрген кезеңдерін еске түсірді.

  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, доцент Жанымгүл Камалқызы Р.Бердібайдың Қазақ-Түрік университетінде қызмет атқарған кезеңдерінен сыр бөлісіп: «85 ке қараған шағында дүниеден озған Рахманқұл Бердібайдың екінші өмірі енді басталды. Қазақ әдебиеттану ғылымының түрлі мәселелеріне арналған 32 кітап, 1200 мақала жазған ғалымның аты мәңгілік өшпейді» дей келе, Р.Бердібайдың ізін жалғастырушы жастарға сенім артатынын білдірді.          

       Ұлтымызға қызмет еткен ұлағатты ұстаз, өресі биік ғалым, ұлтымыздың біртуар ұлы Рахманқұл Бердібайдың шығармалары , көркем публицистикасы, қазақ, түркі ғылымына қосқан орасан зор үлесі халқымыздың жадында мәңгілікке сақталатыны сөзсіз. 

   Айтыс ақыны Анар Жаппарқұлова кешті ұстазына арнаған мынадай өлең жолдарымен қорытындылады.

       Қуат алып Ұлы Абай жазған жырдан,

       Тұлға еді талайларды толғандырған.

       Өлді дейге сыймайды Рахман ағам,

       Мәңгілік өлмейтұғын сөз қалдырған.