КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-04-23

«Білімнің көзі кітапта»

23 сәуір - Халықаралық кітап күніне орай 2013 жылдың 23 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Білімнің көзі кітапта» атты Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні өткізілуінің негізгі мақсаты оқырмандарға кітапхана қызметі, кітап қоры, кітапханадағы ақпараттық ресурстар жайында мағлұматтар беру


«Білімнің көзі кітапта»  

Ашық есік күні

       23 сәуір - Халықаралық кітап күніне орай 2013 жылдың 23 сәуір күні А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Білімнің көзі кітапта» атты Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні өткізілуінің негізгі мақсаты  оқырмандарға  кітапхана қызметі, кітап қоры, кітапханадағы ақпараттық ресурстар жайында мағлұматтар беру,  кітапхана қызметін, пайдаланушыларды жаңа әдебиеттермен, мерзімді басылымдар, авторефераттар, барлық сала бойынша әдебиеттер және электронды басылымдар қорымен, кітапхананың қызмет көрсету бағыттарымен таныстыру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ақпараттық мәдениетін көтеру.  

Ашық есік күніне қаламыздағы барлық жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының оқытушылары, студенттері  және жалпы оқырман қауым қатысты.