КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-05-30

«Ерлікке толы ғұмыр»

А.С.Пушкин атындағы обылыстық ғылыми кітапханасында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Исмаилұлы Исмаиловтың мұрағат деректері мен әдеби шығармалар негізінде Кеңес Одағының Батыры, гвардия генерал-майоры Сабыр Рақымов туралы «Ерлікке толы ғұмыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі атап өтілді.


      А.С.Пушкин атындағы обылыстық ғылыми кітапханасында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әнуар Исмаилұлы Исмаиловтың мұрағат деректері мен әдеби шығармалар негізінде  Кеңес Одағының Батыры, гвардия генерал-майоры Сабыр Рақымов туралы «Ерлікке толы ғұмыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі атап өтілді.

Бұл кешке кітап авторы Әнуар Исмаилұлы Исмаилов пен кітаптың қазақ тілінде нұсқасын дайындаған; тарих ғылымдарының докторы, ОҚМУ-нің тарих факультетінің деканы Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібек, сонымен қатар, ОҚМПИ-ның аға оқытушысы т.ғ.к Баһадүр Айтаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің, Мирас колледжінің студенттері, Сабыр Рақымов атындағы мектеп интернатының офицерлері  мен тәрбиеленушілері қатысты.

  С.Рақымовтың туылғанына 110 жыл толуына орай жарық көрген кітапта батырдың өмір жолы мен әскери қызметінің негізгі кезеңдері мен жауынгерлік ерлігі туралы баяндалған.

Оқу залында С.Рақымов туралы кітаптар мен мерзімді басылым беттерінен кітап көрмесі жабдықталды. Және слайд экранынан батырдың фотосуреттері ұсынылды. Кітап авторы Әнуар Исмаилұлы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің  Бас кадрлар басқармасының орталық мұрағатында зерттеу жұмысын жүргізу үшін С.Рақымовтың жеке ісқағаздарымен танысуға рұқсат алып, генералдың әскери қызметі жөнінде мұрағаттық мәліметтер жинақтағанын айта өтті. Қазығұрт ауданының тумасы С.Рақымовтың отбасы туралы, соғыс кезіндегі ерліктері мен медалдарына тоқталды. Батырдың туысқаны, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің филология факультетінің аға оқытушысы Асан Үсіпбеков С.Рақымовқа арнаған  төл туындысына көпшілік ерекше ризашылық танытты.

Кітапты қазақшаға тәржімалаған Сейдехан Әлібек, тарихшы Баһадүр Айтаев көпшілікке батыр туралы көптеген мағлұматтар айтып, кеш соңында директор орынбасары Закира Парымбекова жастарды  кітап оқуға, отансүйгіштікке, достыққа, ерлікке шақырды. Кеш қонақтарына сый-сыяпаттар табысталды.