КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2010-06-15

Білім берудегі инновациялар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар:


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілірге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде теория жүзінде анықталып, практикада қолданыс тапқан әрі оқыту үрдісінің тиімділігін арттыратын жаңа әдіс – амалдарды инновациялық тәсілдер деп атайды. «Инновация» жаңалық , жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, оқытушы мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім беру процесіне енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметіне тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген оқытушы мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесінен туындайды. Бұл процесс өздігінен дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогикалық маңызы екі проблеманы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезенге дейін бір- бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдануға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның , теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қаматамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманға білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады. Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «жоғары білімді дамытудың негізіг үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми – зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген. Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік – педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнын оңтайлы анықтаудың тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау да. Елбасы «Жаңа онжылдық – жаңа эконоимкалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын биылғы Жолдауында білім беру саласы бойынша да нақты міндеттер белгіліп отыр.Жоғары білім сапасының халықаралық талаптарға жауап беруге тиіс екенін, бұл үшін жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне енуге ұмтылуы міндетті екені атап көрсетілген. Болашақта қазақстандық адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белсенді инновациялық тарту жоспарының маңызы да ерекше. Адам ресурстарының білімсіз болуы келешектің тиімсіз болатынын айқын көрсетіп отыр. Жолдауда: «Экономиканы әртараптандыру арқылы табысқа жетудің кілтінің бірі – Астанадан құрылатын үлкен оқу орны инновациялық университетте жатыр. Сол университетте біліммен бірге ғылымға да көңіл бөліп, жұмыс істейік деген ойлар айтылды.Сонымен қатар Жолдауда «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деген тапсырма берілді. Осы онжылдықта білім берудің әлемдік инновациялық тенхологияларын игеру, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы университеттерінің рейтінгіне ену үшін барлық мүмкіндікті толық пайдалану, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігіне қол жеткізу. Қазақстандық жоғары оқу орындары қазіргі кезде аса жауапты кезеңді бастарынан кешуде. Білім беру жүйесін реформалау мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналып отыр. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізген «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа интеллектуалды құралы ретінде экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сәйкес келетін «Зиялы ұлт – 2020» атты жобаны іске асыру отандық білім дамуының басым бағыты болып табылады деп атап көрсетілген еді. Еліміздің өміріндегі білім берудің және интеллектуалды ресурстардың рөлі Елбасы сөзінде нақты көрсетілген: «Әр азаматтың денсаулық, интеллект және білім деңгейі қаншалықты сапалы болса, соншалықты мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі әлемдік қауымдастығында жоғары болады». Жаһандану заманында Қазақстандағы білім саласының дамуындағы жаңа технологиялар; электронды оқытудың пилоттық жобасы, білім беру порталын құру.Білім беру порталы оқу үрдісінің мекен – жайлық (Үйде оқыту) оқу - әдістемелерімен қамтамасыз ету, әрбір студент үшін оқу әдебиетінің, оқу - әдістемелік кешендердің, жеке тапсырмалардың электронды нұсқаларының қолжетімдігі, оқудан тыс уақыттағы профессор – оқытушылардың және тәртіп жетекшілерімен интерактивті байланыс және білім қызметі нәтижелерін үнемі мониторингтілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Интернет желісіне жаппай енуді жүзеге асыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену, шетелдік жоғары оқу орындарымен екі жақты тәжірибе алмасу, білім берудің халықаралық стандарттарына қол жеткізу, оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильдігі, екідипломдық білім беру, «Тілдердің үш тұғырлы» жобасын іске асыру, кредиттік оқыту жүйесін жүзеге асыру, Қазақстандық зиялы, Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру білім беру саласының басымдықтары болып отыр. Жаңа дәуір ұлттық бәсекеге, мәліметтік сайыс, психологиялық өзгерістер сияқты көріністермен белең алады. Сондықтан, сол кезеңге сай интеллектуалды, ой - өрісі жоғары дамыған азаматты қалыптастыру – мемлекеттің бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесі.