КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-08-20

"Кітап - ғажап қазына"

20 тамыз күні облыстық "Жастар орталығы" акт залында "Кітап - ғажап қазына" атты "Абай жолы", "Көшпенділер", "Махаббат қызық мол жылдар" кітаптарына түсінік айтумен талдауға бағытталған байқау болып өтті. А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен "Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы, ерінбе!" атты тақырыпта кітап көрмесі койылды. Екі белестен құрылған байқауға аудан,қалалардан жас оқырмандар келіп, өз білімдерін ортаға салды. I-белес М.Әуезовтың "Абай жолы" романын талдау болса, II- белес осы роман-эпопеядан монолог оқу болатын.

Байқаудың мақсаты, жастарды қазақ көркем әдебиеті шығармаларына деген  қызығушылықтарын арттыру және осы салада шығармашылық қызметпен айналысып жүрген жас  азаматтарды қолдау, ынталандыру сондай-ақ бос уақытын кітап оқуға баулу арқылы дұрыс пайдалануға үйрету болып табылды. Байқауды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі М.Байғұт пен Жастар орталығының   бастығы Қ.Әшірбеков ашып берді. 

 Әділ баға беретін әділ қазылар мүшелері: жазушы М.Байғұт, ақын Ә.Аймақ, ақын Х.Есенқарақызы, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана директорының орынбасары З.Пәрімбекова және оңтүстік қазақстан газетінің заң және заман бөлімінің меңгерушісі Ш.Орынбай болды. Қатысушы жас оқырмандар сахна төріне шақырылып таныстырылды. Он үш ауданнан келген 25 қатысушы жас оқырмандар  барынша тырысып,  бақтарын сынады. 6 сағатқа созылған байқаудын қорытындылау, әділ қазыларға оңайға соқпады. Десе де, жеңімпаздар анықталып,алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. III-орынды Сайрам ауданынан келген Амангелдиева Әсел мен Созақ ауданынан келген Тәліпбай Гүлназ иеленсе, II-орынды Ордабасы ауданынан келген Бекбол Мәриям мен Шардара аудандық Ізбасар Аңсағанға бұйырып, фотоапарат сыйлығымен марапатталды. Ал, I-орынды Сарыағаш аудандық Ақбалғын Қалдыбекке беріліп, үй кинотеатры сыйға ұсынылды. Бас жүлдеге ноудбук сыйлығымен Бәйдібек  ауданынан келген Әбдіғаппар Сая иеленіп алғыс хатпен марапатталды.