КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-08-29

Азат елдің ар намысы – Ата Заң!

А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 29 тамыз күні сағат 11.00 де, «Кониституция күніне» орай №35748 әскери бөлімінде «Азат елдің ар намысы – Ата Заң» атты тақырыпта әдеби салтанатты кеш болып өтті. Мақсаты, Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата Заңның тарихи мәнімен терең таныстыру, жастардың патриоттық сезімін ояту болатын. Кешті,осы әскери бөлім оркестрінің орындауында Қазақстан Республикасының әнұраны «Менің елім» әнімен ашылды.


  А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен  29 тамыз күні сағат 11.00 де,  «Кониституция күніне» орай  №35748 әскери бөлімінде «Азат елдің ар намысы – Ата Заң» атты тақырыпта әдеби салтанатты кеш болып өтті. Мақсаты, Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Ата Заңның тарихи мәнімен терең таныстыру, жастардың патриоттық сезімін ояту болатын.  Кешті,осы әскери бөлім оркестрінің орындауында Қазақстан Республикасының әнұраны «Менің елім»  әнімен ашылды.Сонымен қатар, «Ел еңсесін биіктеткен Ата Заң» атты тақырыпта кітап көрмесі қойылып, «Кониституция – кемел келешектің кепілі» деген атпен кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.Әділет депертаментінің лекторы Қыдырова Ләззат «Азат елдің ар ожданы – Ата Заңым» атты тақырыпта баяндама жасап, көрермендер тарапынан қойылған кониституцияға байланысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға Саз мектебінің жас талантты кішкентай бүлдіршіндері де келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Әбдікерім Айман мен  Ғалымқызы Асемай күмбірлеген күміс көмей үнімен, патриоттық тақырыптағы әндерді  нақышына келтіре орындады. Наз дауысымен көрерменді өзіне баурап алған ОҚМУ-нің  3-курс студенті Сәрсенбаева Қарлығаны  да атап кетпесек болмас. Сонымен қатар, №33748 әскери бөлім оркестрі Дүйссекееваның «Фантазия» атты папуриін орындап шықты. «Ата Заң» туралы слайд шолу көрсетіліп, кеш соңын осы әскери бөлім оркестрінің мүшесі Момбиев Ербол «Жаса Қазақстан» әнімен аяқтады