КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-09-09

Талғампаз Текті Тәкен

А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында 9 қыркүйек күні Тәкен Әлімқұловтың туғанына-95 жыл толуына орай, әдеби кеш болып өтті. Кештің мақсаты , ұлт руханиятын байыта түскен тәрбиелік мәні бар көркем туындыларды насихаттау,жаһандану жағдайында өмір сүріп отырған жаңа буын,жас ұрпақ санасының қалыптасуына ықпал ету болатын. Оқу залында «Ұлттың Ұлы Қазынасы» атты жазушының кітаптары мен оның шығармалары туралы баспасөз беттерінен кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Талғампаз Текті Тәкен» тақырыбында слайд шолу жасалынды. ШӘПУ-нің доценті, ф.ғ.к. Шара Әділова «Прозадағы күй құдіреті» тақырыбында баяндама жасап,ауқымды қамтып өтті.


А.С.Пушкин атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында 9 қыркүйек күні Тәкен Әлімқұловтың туғанына-95 жыл толуына орай, әдеби кеш болып өтті. 

Кештің  мақсаты , ұлт руханиятын байыта түскен тәрбиелік мәні бар  көркем туындыларды насихаттау,жаһандану жағдайында өмір сүріп отырған жаңа буын,жас ұрпақ санасының қалыптасуына ықпал ету болатын. Оқу залында  «Ұлттың Ұлы  Қазынасы» атты жазушының кітаптары мен оның шығармалары туралы баспасөз беттерінен кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Талғампаз Текті Тәкен»   тақырыбында  слайд шолу жасалынды.   ШӘПУ-нің доценті, ф.ғ.к. Шара Әділова  «Прозадағы күй құдіреті» тақырыбында баяндама жасап,ауқымды қамтып өтті.  Сөз кезегі қонақтарға беріліп, Тәкен Әлімқұловтың туысы әрі досы, зейнеткер Әтенов Мырзабек жазушының адами болмысына ерекше назар аударып, жазушы туралы естеліктерден сыр шертті. «Тәкенді тану үшін Т.Тоқбергеновты оқу керек.Төлегенді оқысаң, Тәкенді білесің» -десе,  ақын Сәрсен Бек Сахабат  «Абайдан кейінгі данышпан Тәкен. Тәкенді ардақтау,Тәкенді құрметтеу қазақты құрметтеу. Тәкенді тани алатын болсақ, ұлтты тани аламыз» - деді. Туыс інісі Ділдәбек Тайжановта жазушы туралы бірер сыр шертті. Келіндері,Құлтарова Дәкен мен Өтебаева Райхан апайлар Тәкеннің алдында  өз келіндік міндеттерін қалай атқарғандығы жайлы айтып жеткізді. Саз мектебінің оқушысы Асан Сүндет Абайдың  «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлым» әнін шырқаса, ОҚМУ-нің студенттері жазушының шығармаларынан үзінді оқыды.Кеш соңын жазушы Мархабат Байғұт өз сөзімен қорытындылай келе,жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.