КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-09-23

Фариза Оңғарсынованың «Дауа» лирикалық жыр жинағы бойынша көркемсөз оқу байқауы.

23 қыркүйек күні , А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасының оқу залында, кітапхана мен облыстық Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Бір ел - бір кітап» акция аясында таңдалған қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағы бойынша жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері арасында көркемсөз оқу байқауы болып өтті. Байқауға 16 үміткер жастар қатысып өз бақтарын сынап,білімділігі мен біліктілігін ортаға салды.


  23 қыркүйек күні ,  А.С.Пушкин атындағы облыстық  әмбебап- ғылыми кітапханасының  оқу залында,  кітапхана   мен  облыстық Жастар орталығының  ұйымдастыруымен «Бір ел - бір кітап» акция аясында таңдалған қазақтың көрнекті  ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағы бойынша жоғары және арнаулы оқу  орындары студенттері арасында көркемсөз оқу байқауы болып өтті. Байқауға 16 үміткер жастар қатысып өз бақтарын сынап,білімділігі мен біліктілігін ортаға салды.

    Бұл шараның мақсаты Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани құндылықтарымызды сақтау, қоғамды  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыружәне кітап сүйер оқырманды анықтау және оны бағалау,марапаттау.                                                       

      Оқу залында «Поэзия сәулесі» тақырыбымен кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып,ақынның өмірі мен шығармашылығына слайд шолу жасалынды.

        Қазақстан Жазушылар одағы ОҚО филиалының директоры, ақын, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың лауреаты Әбілдә Аймақ төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында, ақын Сәрсенбек Сахабат, ОҚО тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жарқынбекова Эльмира, Оңтүстік Қазақстан облысы «Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» мамандары  байқауға өз әділ-төреліктерін білдіріп отырды. Байқау шарты бойынша үміткерлер 3 кезеңнен тұратын шарттарды орындады. 1- кезең  бойынша, ақын Ф.Оңғарсынованың  өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу; 2- кезең  «Дауа» жыр жинағы бойынша ақын өлеңдеріне талдау жасау;  3- кезең  Ақын Фариза туралы шығарма  жазу (үй тапсырмасы).                                                                                                        

    Үміткерлер ақынның  «Жетімнің монологы», «Диалог», «Өз-өзімнен өртеніп барам жанып», «Тыңда мені жүрекпен»  тағы басқа да өлендерін ерекше сезімен образға ене отырып орындап, көпішілікке ерекше әсер қалдырды. Жалпы шығармалары бойынша өздерінің  жеке көзқарастарын білдіре отырып,ақын өлеңдерінің құрлысына қарай талдау жасады. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 3курс студенті Бекбол Мариям иеленсе, бірінші орынды ОҚ педагогикалық коледжінің 3 курс студенті Қалжан Тоғжан-айға бұйырды. Ал, екінші орынға екі студент лайық  деп танылып,  бірі, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алтынбек Айжан болса,екіншісі, ОҚМ педагогикалық иниститутының 1 курс студенті Мәдібек Ботагөзге табысталды. Үшінші орын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің 1 курс студенті Ахмед Бегзат  иеленді.

 Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.