КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2010-06-18

Сындарлы он жыл

Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы жаһандық қоғамды серпілту, түйінді мәселелер хақында ортаға өзін толғандырып жүрген, жүрегін ауыртатын ойларды  тастау, соларды шешудің өз тұрғысындағы жолдарын айта отырып, баршаны үн қатысуға шақырады.


Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы жаһандық қоғамды серпілту, түйінді мәселелер хақында ортаға өзін толғандырып жүрген, жүрегін ауыртатын ойларды  тастау, соларды шешудің өз тұрғысындағы жолдарын айта отырып, баршаны үн қатысуға шақырады. Кітап кіріспе мен түйіннен басқа бес бөлімнен тұрады. Автор өмірлік маңызды проблемаларға – қоршаған ортаны, табиғатты, адамдардың сенімі мен сана сезімін, халықтар арасындағы қоғамдық уағдаластықты бүлдіретін қара ниет күштер алдындағы алаңдаушылығына сендіріп, оқырманды пайымдасына, ниеттесіне айналдыра алады. Кітапта метафоралық өз басынан өткізіп барып сеніммен түйіндеген тұжырымдар аз емес «Жабық қоғам дегеніңіз қанша үлкен болса да тор ішінде , ашық аспанда ұшқанмен пара – пар» (233 – бет). Мұндай мысалдарды кітапты мұқият, ыждағатпен оқыған адам көптеп кездестіре алады.Кітапта баяндаудың әрқилы әдістері қолданылған. Кітап өте жатық, түсінікті тілмен жазылған.

Қазақстан жолы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің он бес жылдығына орай «Казахстанский путь» деп  аталатын кітабында өзіміз жүріп өткен осы он бес жылдың ішінде бастан кешірген сан алуан оқиғалардың басты – бастыларына егжей – тегжейлі тоқталып, дербес мемлекет құрудың қиын жолдарын жас ұрпаққа тарихи сабағы  ретінде ақтарыла айтып берген жүрек сыры. Кітаптың басты ерекшелігі  - баяндау стилінің мейлінше қарапайымдылығы , онда айтылған оқиғалардың көңілге қонымдылығы, қарапайым оқушы түсіне бермейтін сан – салалық саяси – экономикалық тақырыптағы таңдаулардың мейлінше  ұғынықтығы, түсінікті тілмен жазылғандығы. Бұл кітап жас ұрпаққа  арналған.Неге жас ұрпаққа?. Кітаптың барлық сыры да , құны да, кілті де сонда жатыр. Мемлекет құрушы адам жастарға ағынан жарылып әңгіме айтып отыр. Қорыта айтқанда кітап бәріміз үшін әсіресе жастар үшін аса құнды. Бұл кітапты оқи отырып, кім – кімнің де болсын көкірегінде Ел үшін, Жер үшін, Ер үшін мақтаныш сезімі кернейді.


Еуразия жүрегінде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабы - ойластырылуы бойынша да, жазылу стилі бойынша да пайдаланылған терминологиясы бойынша да мемлекет басшысының бұрынғы еңбектерінен қатты ерекшеленеді. Ол бір қарағанда Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың қалыптасуы және даму тарихына арналған зерттеу болып көрінеді. Сөз болып отырған кітап саяси публицистиканың экпрессионизмінен Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, саяси – танымдық үрдістерді жан – жақты тарихи зерттеуге, әлде қайда көбірек және жіті ой сарабынан өткізуге қарай жүрудегі елеулі еңбек.

Кітап «Астана аңсары», «Қала шежіресі», және «Елорда эстетикасы» деген үш тараудан тұрады. Еш нәрсе де жайдан – жай пайда болмайтыны секілді, «Астана аңсары» философиясының қалыптасуы да белгілі кезеңдерден өтеді. Кітаптың екінші тарауы да өз атауына толық сай келеді: Мемлекет басшысы іс жүзінде Астананың шежіресін жазып, қатаң ретімен қалпына келтірілген. Үшінші тарау бұрынғы тараулармен ажырағысыз байланыста және біртұтастықты құрайды.

Қазақстан Президенті Астананың салынуында үлкен рөл атқарған өзінің ізбасарлары туралы зор құрметпен әрі мақтанышпен, алғыс сезімімен сөз қозғайды. Олар - Әділбек Жақсыбекоа, Аманжол Бөлекбаев, Владимир Ни және басқалары. Елбасы Астананың  бас жоспарын талдап жасаған көрнекті архитекторы Кисе Курокаваның рөлін айрықша атап өтеді. Ешкім де жалғаз өзі тарихты өзгерте алмайтыны белгілі. Сондықтан да мемлекет басшысы өзі әрекетке жеккен, өзі жұмылдыра алған, тіпті қарсыласып баққан адамдарды да алғыспен атайды. Кітап Президенттің өзі бастаған іске қолдау білдірген халқына деген шынайы алғыс сезіміне толы.

Кітап – автордың жаңа да сындарлы стилі екеніні атап айту керек. Бұл стильге тән қасиеттерді: ой айқындығын, баяндау айшықтылығын, авторлық сөздің жігерлігін, өз Отанына деген мақтаныш пен халыққа деген шексіз ризалығын көрмеу мүмкін емес.

Кітап жеңіл және үлкен қызығушылықпен оқылады.

 

Бейбітшілік эпицентрі

Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 10 жылдығына арналған Н.Ә.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабында 1991 жылғы тамыздың 29 –ындағы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Президент жарлығынан бастап бүгінге дейінгі қалыптасқан геосаяси жағдай мен бұл жөніндегі қол жеткен табыстар, қиындықтар мен қиналыстар түгел бүкпесіз жазылған.

Қазақстан мемлекетінің басшысы өз кітабы арқылы ғасырлар бойы адамзат баласын қырып – жоюдың айла – тәсілдерін іздестірген ел басшыларына, король, патша, императорларға жойқын қарудан бас тартудың ғаламат үлгісін көрсетіп берді. Сол арқылы жер қайысқан қарудың болашағына балта шауып, ядролық қаруланудан туындайтын ақырзаман бұлтын кейін серпіді. Мұндай соны серпін танытуымыздың себебі, академик Е.П. Велихановтың таңырқауында айтылғандай: «Даналық пен батылдық Президенттің бойында да, ло басқарған халықтың бойында да болды. Мұндай қадамды бірлігі мықты халық қана жасайды».

Өз жеріндегі полигон проблемаларымен бетпе – бет қалған Қазақстан осылайша ядролық сынақты жою мәселесін дербес шешті.

Кітап атауы көрсетіп тұрғандай, шын мәніндегі «Бейбітшілік эпицентріне» айналды.

Жұмыр жерге тыныштық тілеген ұлы мұраттан туған кітаптың планета тағдыры үшін аса құнды ойлардың жемісі екені хақ.

 

Тарих толқынында

1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте автор ел тарихын 12 кезеңге бөлген.

Еңбектің маңызы – тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған, автор «Тарих толқынында» атты еңбегінде ұлттық тарих мәселелерін кеңінен талдап көрсеткен.