КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2010-06-16

Ақпарат кеңістігі

Кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты – кітапхана қызметін жетілдіріп, кез-келген ашық ақпарат кеңістігінде ақпарат түрлерін еркін пайдаланып, ақпарат және кітапхана-библиография қызметін кеңейту.


Кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты – кітапхана қызметін жетілдіріп, кез-келген ашық ақпарат кеңістігінде ақпарат түрлерін еркін пайдаланып, ақпарат және кітапхана-библиография қызметін кеңейту. Автоматтандырудың негізгі мақсаты кітапханадағы барлық ақпараттарды оқырмандарға тез және ыңғайлы түрде жеткізу, сонымен қатар кітапхана жұмысына жаңа ақпаратты технологияны енгізу.

Интернет – ресурстарды электронды кітапхана, Қазақстан және шетел, мерзімдік басылымдар дерекқорларының толық мәтінін зерттеп, өлкелік мерзімдік басылымдар және сирек кітаптар қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өздерінің толық мәтінде электронды коллекциясын жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Электронды каталог

         Электронды каталог дегеніміз – белгілі уақыт режимінде жұмыс істейтін, кітапхана жұмысына және оқырмандарға арналған электронды мәшине оқитын кітапхана каталогы. Электронды каталог – ақпарат іздеудегі негізгі құрал.

         Электронды каталог – бұл ақпарат ресурстардың барлық түрін сипаттайды, кітаптардың сипаттамасы, аудиовизуалды құжаттар, электронды баспа, жинақтардан алынған мақалалар, жалғастырылған және мерзімдік басылымдар.

         Электрондық каталогтың көмегімен қазақ, орыс және шет тілдеріндегі кітаптар, газет және журнал мақалалары, диссертация, авторефераттары туралы мағлұматтар ала аласыз.

         Электронды катлогтан документті – аты, фамилиясы, пәндік рубрикасы, түйінді сөздері, индекс т.б. элементтері бойынша іздеуге болады. Сонымен қатар, электронды каталогты пайдалана отырып біздің кітапхана қорындағы баспа және электрондық басылымдарды жедел және тиімді түрде іске асырасыз. Қажет жағдайда әдебиеттер тізімін осы жерде қолма-қол басып алуға болады. Жаңа оқырманға бізде электронды каталогты іздеуді меңгеруге көмек беретін тренингтер ұйымдастырылады.

 

«Заң» мәліметтер базасы

«Заң» мәліметтер базасына 1990 жылдан бері нормативті құқықтық актілер енгізілген.

         «Заң» мәліметтер базасы – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерінің электрондық жиынтығы. Бұл құжаттар Қазақстанның 1990 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қоғамдық – саяси, экономикалық және халықаралық қызметін реттейді.Бұл мәліметтер базасы алдыңғы редакциялары сақталған нормативтік актілер, сонымен бірге, қажетті сілтемелер және түсініктемелермен ресімделген күшін жойған құжаттар бар. Құжаттарды іздеудің кеңейтілген мүмкіндігі қажетті ақпаратты бір сәтте тауып алуға мүмкіндік береді және қолма-қол басып алуға болады.