КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2013-11-30

Ел еңсесін көтерген Елбасы!

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен №55652 әскери әуе базасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Ел еңсесін көтерген Елбасы» атты мерекелік іс – шара болып өтті. Кеште майор Талғат Торыбаев елбасы туралы баяндама жасап,кешімізді ашып берді. Осы әскери әуебазасының Оңтүстік саңлақтар триосы «Туған жер» әнін шырқалып,Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев туралы «Қазақтың Тұңғыш – Елбасы» атты видеофильм көрсетілді.


А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен №55652 әскери әуе базасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай  «Ел еңсесін көтерген Елбасы» атты мерекелік іс – шара болып өтті. Кеште майор Талғат Торыбаев елбасы туралы баяндама жасап,кешімізді ашып берді. Осы әскери әуебазасының Оңтүстік саңлақтар триосы «Туған жер» әнін шырқалып,Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев туралы «Қазақтың Тұңғыш – Елбасы» атты видеофильм көрсетілді.  «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында кітап көрмесі қойылды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «жас ақындар» клуб мүшелері,Тиллабек Айдынның «Кие», Тауджарова Ақмаралдың «Елін сүйген Елбасы», Тоқтағұл Зейнептің «Мен Елбасымен мақтанамын»,Жұмабай Гүлшырынның «Алты Алашқа даңқың бар» атты  президент туралы жүрек жарды жыр  жолдарын көпшілікке паш етті. Ал, кітапхананың ақпараттық – библиография бөлімінің жоғары дәрежелі библиограф маманы Жылқыбаева Бибігүл елбасы туралы кітаптарға библиографиялық  шолу жасап өтті.