КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2014-02-14

«Ауғанстан – жүректегі жара.»

15 ақпан ауған ардагерлері күніне орай, №35748 әскери бөлімшесінде «Ауғанстан – жүректегі жара» атты тақырыпта ауған ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, ҚР мәжіліс парламентінің депутаты, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың кітабының желісі бойынша түсірілген «Мен көрген соғыс» бейнефильмі көрсетілді.


     15  ақпан ауған ардагерлері күніне орай,  №35748 әскери бөлімшесінде «Ауғанстан – жүректегі жара» атты  тақырыпта ауған ардагерлерімен  кездесу кеші болып өтті.  Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, ҚР мәжіліс парламентінің депутаты, ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың кітабының желісі бойынша түсірілген «Мен  көрген соғыс» бейнефильмі көрсетілді.  Бұл шараға ОҚО ауған ардагерлерінің жергілікті одағының төрағасы Майқанов Ғалымжан Тоғжанұлы, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері ардагер Байтілеев Ербол Толжанұлы және Ауған соғысында 1988 жылы наурыз айынан тамыз айына дейін рота командирінің техникалық жөніндегі орынбасарының қызметін атқарған «Воин – интерноционалист» медалімен марапатталған майор Бурикулов Умурбек қатысты. Осындай ардагерлерге жылы лебіз арнау үшін 35748 әскер бөлім командирі подполковник Жумин Бегзат Садуұлы баяндама жасап, ардагерлерді құттықтап сый – сияпат табыстады. Ауған ардагерлері сөз алып соғыста көрген уақиғаларын айтты. Көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, «Соғысқа шыдамай өздеріне қол жұмсаған жауынгерлер болды ма?» деген сұраққа  «ия болды, олардың көбі өзге ұлт өкілдері еді, ал, біздің қазақ жігіттері қайтпас қайсар өжет болатын» деп жауап қайырды. Шара мерекелік бағдарламаға ұласты. Саз коледжінің студенті Серікбай Ақтөре «Өсиет» термесін орындаса, әскери бөлім орестрі «Уходим», «Фантазия», «Война», «Полк»,  т.б әндерін нақышына келтіре  орындады.  Ефрейтор Нұрақов Ержан  «Көк тудың желбірегені»  әнін шырқап, көпшіліктің жүрегіне потриоттық сезім ұялатты. Кеш соңын  әскери оркестр «Әскери маршы» әнімен аяқтады.