КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2014-05-21

Саттар ғұмыры – ғасыр тұнығы

Кітапханада Саттар Ерубаевтың туылғанына – 100 жыл толуына орай «Саттар ғұмыры – ғасыр тұнығы» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жалпы оқырман қауымын құйрықты жұлдыздай жалт етіп ағып өткен, қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен асыл жастардың бірі - Саттар Ерубаевтың өмірін, адамшылық тұлғасын, ақындық талантының шеңберін және қазақ әдебиетін дұрыс ұғындырыра отырып, кітап оқуға насихаттау болатын.

Кеш Оңтүстік өңіріне танымал, зиялы қауым өкілдері, жазушының туыстары  және  Саттар шығармашылығымен сусындап өскен жас буын өкілдері,  сонымен бірге, №24 Саттар Ерубаев атындағы мектептің директоры Ұлжалғас Есімнің қатысуымен өтті. Шарада жазушының аз ғана өмір жолдарынан  «Ер есімі – ел есінде» атты бейнебаян ұсынылып,  ұлағатты  ұстаз «Саттар Ерубаев»  мұражайының меңгерушісі - Дана Жуандықова баяндама жасады. №24 Саттар Ерубаев атындағы орта мектеп оқушылары Саттардың рөлін сомдап, сахналандырылған көрініс көрсетіп, оқырмандарды сезімге бөледі. Мерекелі кеш «Саттар деп соғар жүрегім» атты тақырыбында жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасымен жалғасын тапты.

Әбілдә Аймақ бастаған әділ қазылар алқасының мүшелері; жазушы М.Байғұт, ф.ғ.к Ұлжалғас Есім, жас ақындарға төрелік жасап, 15 сайыскердің арасынан жүлделі  орындарды айқындады.  Үшінші орын, үш ақынға бұйырды. Олар:  №75 мектеп – гимназиясының 3 сынып оқушысы Рысқұлов Шыңғыс, №24 Саттар Ерубаев мектебінің 10 сынып оқушысы Көптілеуова Гүлжанар және «Отырар» университетінің студенті Әбдірайымтегі Майлықожа болса, екінші орынға екі ақын қызды ие деп шешті. Оның бірі - М.Әуезов атындағы ОҚМУ – нің студенті Жұмабай Гүлшырын болса, екіншісі - ОҚ педагогикалық коледжінің студенті Қалжан Тоғжанай еді.  Ал, бірінші орынды -  М.Әуезов университетінің филология факультетінің студенті – Бейбітбек Ақбота  иеленді. Бас жүлдені де, М.Әуезов университетінің студенті – Әлішер Әлімжан қанжығасына байлады. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.