КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2010-05-25

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылына орай «Ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты тақырыпта өтетін тарихи - мәдени кеші өтті

2010 жыл Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы болуына орай «Ынтымақтастықтың жаңа белестері»атты тақырыпта А.С. Пушкин атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында тарихи - мәдени кеш өтеді.


Пресс - релизі Өткізілу мерзімі:2010 жыл 13 наурыз Өткізілу уақыты: сағат. 16.00

Өткізілетін жері:Шет тілдер бөлімінің оқу залы

Кіріспе

2010 жыл Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылы болуына орай «Ынтымақтастықтың жаңа белестері»атты тақырыпта А.С. Пушкин атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында тарихи - мәдени кеш өтеді. Шараның мақсаты:Жас ұрпаққа Қазакстан мен әлем елдері арасындағы достық, дипломатиялык, экономикалық қарым - қатынстары жайлы мәлімет беру және Қазақстан Республикасының әлемдік аренададан алатын орнын халықаралық қатынастар арқылы паш ету.

Негізғі тақырып:Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы қарым -қатынатарды атап өту.

Шараға қатысушылар:

Клубтың президенті:   Жантасова Зылиха Тұрарқызы филолгия

                                          ғылымдарының кандидаты ХДУ - нің филология кафедрасының меңгерушісі

Мауытова Жаннұр ХДУ - нің филология кафедрасының оқытушысы Халықтар Достығы Университеті, Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университінің студенттері

«Асыл мұралар»мүдделес клубының кезекті отырысының хаттамасы

2010 жылдың 13 наурыз күні сағ.16.00 - де А.С.Пушкин атындагы Облыстық Ғылыми Әмбебап кітапханасының «Шет тілдері» бөлімінің оқу залында «Асыл мұралар» мүдделес клубынын Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылына орай «Ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты тақырыпта кезекті отырысы болып өтті.Осы такырыпта «Окырмандарға қызмет көрсету бөлімінде» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке Халықаралық Достық Университеті және Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университетінің студенттері қатысты. Кешті клубтың президенті Халықаралық Достық Университетінің «Филология» кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Жантасова Зылиха Тұрарқызы ашып Қазақстан мен Оңтүстік Корея республикалары арасындағы достық қарым - қатынас жайлы сөз етті. Кеш барысында Халықаралық Достық Университетінің «Филология» кафедрасының оқытушысы Мауытова Жаннұр Қазақстандағы кәріс диаспорасы жайлы сөз етілген «Қазақстан» баспасында 1994 жылы жарық көрген Г.В. Канның «Корейцы Казахстана» атты кітабының мазмұнын сөз етті. Сөз соңында корей әдебиеті жайлы өз ойын ортаға салды.

Кешке қатысушы Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университетінің 2 курс студенті Ахаева Айнүр «Өнер» баспасында 2007 жылы жарық көрген «Қазақстан және әлем елдері» атты кітабында көрсетілген Қазақстан мен Оңтүстік Корея республикалары арасындағы дипломатиялық қарым - қатынастар жайлы ой бөлісті. Аталмыш кештің келесі қатысушысы Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университетінің 2 курс студенті Мамаева Мадина кәріс жазушысы, прозаик Хен Хыгюнның шығармашылығы жайлы айтып өтсе, Халықтар Достығы Университетінің филология факультетінің 4 курс студенті Нәзірқұлова Динара осы жазушының «Родина юности» атты еңбегі жайлы өз ойын бөлісті. Соңынан Динара кәріс әдебиетінің жас ақыны Наталия Цойдың «Жалғыздық жаршысы» атты өлеңдер топтамасынан «Қаңтарды асыға күтемін» атты өлеңін оқып өлең мазмұнын талқыға салды. Келесі болып аталмыш топтамадан «Пигмалион» атты өлеңін Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университетінің 2 курс студенті Сүйінбай Мөлдір оқып шықты. Кеш тартысты және қызық өтті. Кеш соңында кешке қатысушылар «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінде ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып өтті.

Байдуллаева С.К.

«Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің сектор меңгерушісі