КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2014-11-22

«Үш бәйтерек. Үш алып.»

1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтарына жазықсыз, жолсыз «ұлтшыл» деген атақ тағылып, 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Солардың ішінде, қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтер бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, қуғын-сүргінге ұшырап атылды.


1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтарына жазықсыз, жолсыз «ұлтшыл» деген атақ тағылып,  103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді.

         Солардың ішінде,  қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтер бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, қуғын-сүргінге ұшырап атылды.


Елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, жалынды жазушы, айтулы ақындарымыздың туылғанына биыл 120 жыл!

       Осыған орай,       21 қараша күні   А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Үш бәйтерек. Үш алып» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға қаланың жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары, мектеп оқушылары белсене қатысты. Абайтанушы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы қатысып,   үш арысымыздың тарихтағы орны туралы  кеңінен әңгіме өрбітті.

 Ауыл өмірінің тіршілігін, кедейдің жырын жырлаған Бейімбет Майлинның көзі тірісінде  өзі қалам  тербеген барлық жанрда елу бес кітабы жарық көріп, жұртқа кеңінен таралған. Қазақ әдебиетінің құлагері атанған І.Жансүгіров, атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург С.Сейфуллинның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері туралы әдебиетшілер, тарихшылар сөз қозғады.

   Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті, ойын ашық жеткізе білетін белсенді оқырмандардың бірі Тенгебаева Әсел: «Ұлт зиялыларына жала жауап, арыстарымызды атқызған сұрқия саясат жүргені белгілі. Сонда Сталин қазақтан 25 мың адам атылуы тиіс деген жоспар бекітіпті. Жоспарды орындау Левон Мирзоянға тапсырылған.  Сонда бұл кісі аз уақыт ішінде тапсырманы мүлтіксіз орындап, мұнымен ел ішіндегі «халық жаулары» таусылмағандығын айтып, жоғарыға тағы да өтініш жазған. Нәтижесінде қаншама арыс атылып, тұтқынға алынған. Ал, бұл кісінің атында бізде әлі осы уақытқа дейін көше де бар. Өкінішті. Қайта ел үшін жанын қиған ардақтыларымыздың атын жаңғыртқан жөн» деген пікірін алға тартса, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Париза Турабекова «Қаламызда қаламгерлердің атында көшенің жоқтығы бізді қынжылтатын мәселе.  Қалтасы терең азаматтарымыздың   еліне еңбегі сіңбеген ешкім танымайтын әкелерінің есімдерін қою дәстүрге айналып барады. Оның орнын,  ұлт руханиятын даңқты туындыларымен байытқан үш бәйтерегіміздің есімдерін неге  қоймаймыз», деп ашына әділдігін білдірген жасты бәрі бір ауыздан қолдады.    

      Оңтүстіктің жас ақындары үш арысымызға арнап, жырларын оқыды. 

       Еркін ой-пікірлерін айту,  жастарды сөйлеуге дағдыландыру  мақсатында ұйымдастырылған  дөңгелек үстел   өте тартысты, қызықты өтті.

       Кеш соңында «Елім деп жырлаған Үш Бәйтерек» атты кітап көрмесі мен айтулы қаламгерлердің шығармаларына библиографиялық шолу ұсынылды.

 

Балнұр Сапиева

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның көпшілік іс-шаралар секторы