КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-03-12

Ерлікке тағзым

12 наурыз күні Жеңістің 70 жыл толуына орай, А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен Ерлік мұражайында Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымовқа арналған «Ерлікке тағзым» атты тарихи-танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың өмір жолы мен әскери қызметі туралы кеңінен таныстыру. Жастарды әдебиетке деген қызығушылықтарын, патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке, достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке дәріптеу.

Іс-шара басырысында «Ерлікке толы ғұмыр» атты кітап көрмесімен бейнефильм ұсынылды. Сабыр Рақымовтың өмір жолын тереңінен зерттеп жүрген, инженер-геолог Елік Дүйсебеков батырдың ерлік тұлғасы хақында естеліктерін айтты. Қырық үш жылғы ғұмырында  жасындай жарқ етіп, артында өшпестей өнегелі із қалдырған, Қазығұртта кіндік қаны тамған Рақымовтың ұрпағы Мәскеуде тұратынын, кіндік қаны тамған Қазығұртта туыстарының бар екендігін мәлімдеді.

«Қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шаханов: «Ерлікті жасамаудан, бағаламау әлдеқайда қауіпті» деген. Сондықтан да ерлеріміздің, батырларымыздың  ерлігін бағалап, оларды ешқашан ұмытпайық» деп жастарды патриот болуға шақырды.