КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-03-18

«Бір ел – бір кітап» - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы және «Бір өлке – бір кітап» - Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» шығармасы

Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау. Сонымен қатар, жастарды кітапқа, соның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында Ұлттық Академиялық кітапханасының бастауымен 2007 жылдан бастап «Бір ел – бір кітап» акциясы өз жалғасын тапты. Биыл атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің туылғанына 100 жыл толуына орай жазушының «Көшпенділер» трилогиясын оқитын боламыз.


  Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау. Сонымен қатар, жастарды кітапқа, соның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында Ұлттық Академиялық кітапханасының бастауымен 2007 жылдан бастап «Бір ел – бір кітап» акциясы өз жалғасын тапты. Биыл атақты жазушы Ілияс Есенберлиннің туылғанына 100 жыл толуына орай жазушының «Көшпенділер» трилогиясын оқитын боламыз.


   Ал, облысымызда өз өлкеміздің тұлғаларын, қаламгерлерін насихаттау, шығармаларын дәріптеу үшін «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы аясында жыл таңдауы - Қаратау қаламгері, сыншы,  жергілікті жазушы Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» шығармасына түсті.  

   Осы акциялар аясында 17 наурыз күні А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  әдеби кеш ұйымдастырды.                            Іс-шараға жергілікті ақын-жазушылар, әдебиетшілер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.  «Тарихи тақырыпқа түрен салған» тақырыбында І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетіліп, библиографиялық шолу ұсынылды.

   Әдебиетші Шара Әділова  бес ғасырлық қазақтың тарихын суреттейтін шығармадағы «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарындағы тарихи тұлғаларға кеңінен тоқталды. «Кеңестік дәуірдегі ұлтымыздың намысын оятқан, қазақ тарихына жаңа бағыт, жаңа мектеп ашқан Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы» деді әдебиетші.


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармакология Академиясының студенті Қайрат Иембердиев, Шымкент әлеуметтік педагогика институтының студенті Хакимбекова Макира шығармадан алған әсерлері мен ой-пікірлерін жеткізді.

 Саз колледжінің студенті Серікбай Ақтөре  домбырамен ән әуелетіп, тарихи тақырыпта күй күмбірлетті.

 Іс-шараның екінші бөлімі «Бір өлке – бір кітап» акциясына арналды. Ақпараттық-библиография бөлімі «Талғампаз текті Тәкен» атты слайдқа шолу жасап өтті.

 Ақын Сәрсенбек Сахабат «Тәкен Әлімқұлов – қазақ әдебиетінде қайталанбас дара тұлға. Елден ерек ғұмыр кешкен, ешкімге ұқсамайтын кісі болған. Оның шығарамаларының тілі шұрайлы, қысқа сөйлемдермен-ақ көсіліп отыратын халықтық тіл» деп жазушының шығармаларын оқуға шақырды.


Созақтан шыққан ұлы жазушының шығармаларынан жастар үзінді оқып, шығармаларын талдады. Кітапхана директоры Ш.Динасилова акция аясында кітапхана түрлі іс-шаралар топтамасын ұйымдастыратынын мәлімдеп, жастарды кітап оқуға шақырды.

Кеш соңында оқырмандар акция аясында ұйымдастырылған кітап көрмесімен кеңінен танысып, кітапхананың көшіп қонуына байланысты   оқырмандар әр бөлімге экскурсия жасады.