КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-08

Сұлулықтың сезімтал серісі

Бұл өлеңсіз өмір сүрмеген, атақ-даңққа әуес болмаған, қарапайым ақындардың бірі Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңі. Бірі білсе, бірі білмес. Бұл ақынды. Алайда, ақынның «Тербеледі тың дала (Екі ғашық)», «Көктем вальсі» әндерімен тербеліп, «Беу қыздар-ай», «Ой-жігіттер-ай» комедияларына қанып өстік.


Өлеңсіз менің күнім жоқ,

Оңаза емен олжаға.

Елесе елім ұлым деп,

Жетеді маған сол ғана.

     Бұл өлеңсіз өмір сүрмеген, атақ-даңққа әуес болмаған, қарапайым ақындардың бірі Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңі.  Бірі білсе, бірі білмес. Бұл ақынды.  Алайда, ақынның «Тербеледі тың дала (Екі ғашық)», «Көктем вальсі» әндерімен тербеліп, «Беу қыздар-ай», «Ой-жігіттер-ай» комедияларына қанып өстік. Пушкин, Лермонтов, Омар Хайям, Роберт Бернсты және т.б. шығармаларын қазақша сөйлетті.


      Ол - ақын, драматург, аудармашы.

      Биыл Қуандық Шаңғытбаевтың туылғанына 90 жыл. Осыған орай А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 7 сәуір күні  ақынның шығармашылығын  кеңінен насихаттау мақсатында әдеби кеш ұйымдастырды. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы аясында «Сұлулық жыршысы» атты деректі фильм ұсынылды.

        Кеш барысында ақын Нармахан Бегалыұлы «Қуандық Шаңғытбаев қазақ әдебиетінде сұлу поэзия жасаған адам. Мұндай ақын кемде-кем. Оның шығармаларын оқи отырып, әдемі бір күйге енесің. «Тербеледі тың дала» өлеңінің өзі қандай керемет. Оқыған сайын оқи бергің келеді» деп, ақын туралы әдемі  естеліктермен бөлісіп, өлеңдерін оқыды.

       Қуандық Шаңғытбаевтың шәкірті  ақын Сәрсен Бек Сахабат  Шаңғытбаевтың қайталанбас шығармалары мен  қарапайым мінезінен сыр шертті. «Махаббатқа өте адал болған кісі еді.


Көз тартар көркі бар, жігіттің сұлтаны Қуандық 40 тан асқан қылшылдаған жігіт шағында келіншегі  жуық төсек тартып 15 жылға жуық жатты. Келіншегі Мәриямды 15 жыл өз қолымен бағып-қағып, ақтық сапарға өз қолымен арулап аттандырды. Ақын ең әуелі, адалдықты, ар-намысты алға қоятын» дей келе, ақынның асты өте дәмді дайындайтын аспаз болғанын айта кетті.

     «Әдемілік мен сұлулық – поэзияда. Өлең оқыған жастардың жан дүниесі тазарады» деп, әдебиетші Шара Әділова студент жастарды поэзияны оқуға шақырды.

       Оңтүстік Қазақстан педагогикалық, Шымкент Әлеуметтік педагогикалық университетінің студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, ой-пікірлерін білдірді.


Кеш барысында жастар ақынның кітаптарымен   «Сұлулықтың сезімтал серісі» атты кітап көрмесі  және библиографиялық шолу арқылы жақынырақ танысты.

      Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған «Тербеледі тың дала» әнімен қорытындыланды.

 

Балнұр Сапиева

Көпшілік іс-шара ұйымдастырушы