КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-10

Жеңіске жетелеген қалам мен қару

Биыл, 2015 жыл қасиеті мен қасіреті қатар келген Ұлы Жеңіске 70 жыл. Осындай тарих төрінен орын алған айрықша мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да іс-шаралар топтамасымен қатар баспалық қызметі де қолға алынып отыр.


Биыл, 2015 жыл  қасиеті мен қасіреті қатар келген Ұлы Жеңіске 70 жыл. Осындай тарих төрінен орын алған айрықша мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да іс-шаралар топтамасымен қатар баспалық қызметі де қолға алынып отыр.

            Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының майдангер қаламгерлері туралы «Жеңіске жетелеген қалам мен қару» атты библиографиялық анықтамалық дайындап шығарды. 

, қазіргі кезде сирек аталатын майдангер қаламгерлердің аты-жөнін де кездестіреміз. Осы орайда анықтамалыққа енген майдангер ақын – жазушылардың аты-жөнін әліпбилік тәртіппен тізбелей кетуді жөн көрдік. Олар мыналар: Асқаров Асанбай, Байтанаев Амантай, Бақбергенов Сәуірбек, Бердияров Тоқаш, Жылқышиев Әбжаппар, Қалыбаев Өтебай, Қамбаров Қапан, Райымқұлов Рахметолла, Төлендиев Нығмет, Шілтерханов Әдіhам. Аты аталған осы тұлғалар қолдарына қару алып қана қоймай, қалам күшіне де сүйенген. Алды жиырма сегізге жаңа толған Рахметолла Райымқұлов болса, ең жасы 17 жастағы Тоқаш Бердияров, барлығы да жастық жалынын елінің ертеңіне арнап соғыс майданына аттанған батырлығымен тәнті етеді. Кітапхана шығарып отырған «Майдангер қаламгерлер» туралы анықтамалықтың құндылығы да осында. Майдангер жазушылардың барлығын қамтып, ғалымдар мен студенттерге, оқырман қауымға тың мәліметтермен көрсете білгені.

     Сонымен қатар кітапхананың тағы бір ұсынып отырған басылымы қан майданда батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, ең жоғары әскери атақтарға ие болған жерлестеріміз жайлы екі тілде дайындалған «Ұрпаққа ұран-есімдер» атты  анықтамалықтың алатын орны айрықша екенін айтпасқа болмас.


Бұл басылымда Оңтүстіктен шыққан 51 Кеңес Одағының  Батырлары мен 1 Халық Қаһарманы, сондай-ақ 8 «Даңқ» орденінің 1,2,3- дәрежелі толық иегерлері жайлы өмірбаяндық деректемелер, олар жайлы кітаптар мен мерзімді басылымдардан мәліметтер енгізілген.

     Бұл анықтамалық тарих саласының кеңістігін толықтырып отыр. Себебі екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары тақырыбында материалдың тапшылығы шындық. Міне, осы жағдайда Батырлар туралы анықтамалықтың толтыратыны даусыз және зерттеумен шұғылданып жүрген тарихшы ғалымдар, студенттер, жалпы оқырмандар үшін де бұл таптырмас дерек көзі. Өйткені бұл анықтамалықта тек қана  Батырлардың өмірі ғана емес, олардың ерліктері жайында да нақтылы мәліметтер беріледі.
      Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер - бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.

                                                                           

                                                        

 

                    

 

                               Аяш Муртазаева,

                              А.С.Пушкин атындағы

                                                                                                        әмбебап ғылыми кітапханасы

                                                                         Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі