КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-14

«Мүмкін емес қалуым ескерусіз, өскеннен соң өлеңнің сүтіменен»

«Әбілданы әлі де көшеде көріп қалатындаймын. Есіктен кіріп келетіндей. Телефоныма қоңырау шалатын секілді. Оның орны ерекше еді. Ұрыссаң да, ашулансаң да Әбілда ғана көтеретін еді. Көңіліне ауыр алмайтын, қатты сөйлегенді. Әбілданы сағынамыз» деп белгілі жазушы Мархабат Байғұттың ақын туралы айтқан сағынышқа толы әңгімелері мен естеліктері көпшіліктің көзіне жас ұялатты. А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 13 сәуір күні өткізілген еске алу кешіне оқырмандар мен оңтүстіктің белгілі ақын-жазушылары ақынды сағынып, еске алды.

      13 сәуір – белгілі ақын, ҚР Жазушылар Одағы ОҚО филиалының төрағасы қызметін атқарған, Физули атындағы сыйлықтың иегері, марқұм Әбілда Аймақтың туылған күні. Егер ортамызда болса 61 жасқа толар еді.

      Кітапхана оқу залында өткізілген еске алу кешіне ақынның өлеңдерімен сусындап өскен оқырмандар мен жас ақындар көптеп жиналды.  Ақынның  шығармашылық жолына демеу болып, жан-дүниесін түсіне білген өмірлік адал  жары  Озипа Құралова ақынмен ғұмыр кешкен  отбасындағы қызығы мен қиындығы мол тыныс-тіршіліктерінен тебірене  сыр шертті.

     ҚР Құрметті журналисті Байдулла Қонысбек, ақын Нармахан Бегалыұлы, жазушы, журналист  Захардин Қыстаубайұлы, Сәрсен Бек Сахабат ақынның азаматтық тұлғасы хақында, қарапайымдылығы мен елгезектігі туралы  тебірене ой толғады.

Ақын Кендебай Ахат ОҚО Жазушылар Одағы мүшесінің ұйымдастыруымен ақынның шығармаларын жастарға насихаттау мақсатында  жастар арасында «Әбілда оқулары» байқауы өткізілетінін жариялады.

   Кеш барысында ақынның алпыс жылдық мерейтойында берген соңғы сұхбаты ұсынылып, кітаптарына библиографиялық шолу ұсынылды.

   Кітапхана директоры Шарбану Динасилова: «Әбілда ақын өңірімізде ұйымдастырылатын іс-шараларға атсалысып, белсене араласатын. Әсіресе, кітапханада өткізілген әрбір  іс-шараның өтуіне ұйытқы болды. Кітап оқуды жан-тәнімен сүйетін және жастар кітап оқыса екен  деген арманы болатын»  дей келе оқырмандарды ақынның шығармаларын оқуға шақырды.