КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-24

Кітап – тарих, шежіре

Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай Кітап – тарих, шежіре 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай, 23 сәуір күні кітапхана алаңында «Кітап – тарих, шежіре» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Кітапхана алаңына кең көлемді кітап көрмесі мен кітап инсталляциясы ұсынылды.


 Артық ғылым кітапта, 

                                                                                  Ерінбе оқып көруге.
Абай

Кітап – тарих, шежіре

 

       23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай, 23 сәуір күні кітапхана алаңында  «Кітап – тарих, шежіре» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Кітапхана алаңына кең көлемді кітап көрмесі мен кітап инсталляциясы ұсынылды.


      Мақсаты: Жалпы көпшіліктің кітапқа, әдебиетке  деген қызығушылығын арттыру, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке, достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке үйрету. Көпшілікті кітапханаға тарту.

      Ашық есік күніне оңтүстіктің белгілі қаламгерлері мен тұрақты оқырмандары жиналды. Ақын-жазушылар: Сәрсен Бек Сахабат, Сабырбек Олжабай, Сабырбек Нұрманұлы және т.б. қаламгерлер кітап күнімен көпшілікті құттықтап, кітаптың орнын ешқандай техника, интернет алмастыра алмайтынын, барлық оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Кітапхананың оқырмандары «Ең жас оқырман» номинациясы бойынша Диасова Динара, Манзу Жұлдыз, «Үздік оқырман» номинациясы Утенов Лесбек, «Тұрақты оқырман» -  Серік Мөлдір, «Ұқыпты оқырман» - Филатова Людмила, «Үлгілі оқырман» - Қапаш Бекарыс  марапатталды.


Кітап киімінде кітап ханшайымы мен газет-журнал ханшайымының көрінісі ұсынылып, кітап пен мерзімді басылымдардың қоғамдағы алар орны туралы кеңінен түсінік берілді. Кітапхана туралы жыр шумақтары айтылды.

      Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, әннен шашу шашылып, домбырамен күй тербетілді.