КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-23

«Сахна құдіретін танытқан тұлға»

А. С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап -ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Ж. Шанин атындағы Облыстық қазақ драма театрының танымал әртісі, жерлесіміз М. Шәкіровтың -70 жылдық мерей тойына арналған «Сахна құдіретін танытқан тұлға » атты кездесуі кеші өтті .


        А. С. Пушкин атындағы   облыстық  әмбебап   -ғылыми  кітапханасында  Қазақстан Республикасының  мәдениет  қайраткері, Ж. Шанин атындағы  Облыстық қазақ   драма  театрының  танымал  әртісі,  жерлесіміз  М. Шәкіровтың  -70 жылдық  мерей тойына арналған  «Сахна құдіретін  танытқан  тұлға » атты   кездесуі кеші  өтті .


       Іс – шараға  Мұқан ағаның   бір топ     әріптестері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру  курсының   тыңдаушылары  мен  ОҚМУ студенттері   қатысты.   Бүгінде   халқының   сүйіспеншілігіне  бөленген  театр  майталманы  Мұқан  ағаның  өмірдегі  орны мен  өнердегі  жетістіктері   жайлы  әріптестері  жылы  лебіздерін  білдірді.  Ж. Шанин атындағы  Қазақ  драма театрының   әдебиет  бөлімінің  меңгерушісі  Қасымбек Сая  Мұқан  ағаның  театр  мен  кино өнеріндегі  еренді еңбегі -  сомдаған  рольдері   жайлы  айта  отырып,  ағамыздың  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  жан екеніне,   оның  өлең  жазу  өнеріне  ерекше  тоқталды.


Кеш  қатысушылары  Мұқан  Шәкіровтың   өзі жазған «Шәмші аға» «Ана»  т.б.  өлеңдерін  өз аузынан тыңдады.  Сондай – ақ  театр  әртістері  Еспай  Гүлшат, Б. Абдулхалықовтар, Мұқан  Шәкіровпен бірге  ойнаған   спектакльдерден  сахналық  көрініс  қойып,   қатысушылардың  ықыласына  бөленді. Кеш барысында   студенттер  Мұқан ағамызға  қойған  әр – түрлі   сұрақтарына   алған  жауаптары  арқылы,  өнер иесінің  қызықты да  қиын  өнер жолымен ,  өмір  жолымен  таныс болды.

Кеш соңында А.С. Пушкин атындағы  ОӘҒК  директоры  Шәрбану Әлмағанбетқызы   кітапхана  ұжымы атынан  өнер майталманы ,  Қазақстан Республикасы  Мәдениет қайраткері Мұқан Шәкіровті -70 жасқа  толуымен  құттықтап,  алғыс  хат  пен марапаттады.

 

                                                              Нысанова  Гульмайра

                                                   А.С. Пушкин  атындағы  ОӘҒК-ның

                                             «Өнер» әдебиеттер  секторының басшысы