КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-20

Кеудесін отқа тосқан жауынгер

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы - біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр - тарих. «Ел ерлігімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шаханов: «Ерлікті жасамаудан, бағаламау әлдеқайда қауіпті» деген. Расында, Ердің қадірін бағалай білген ел ғана ертеңіне нық қадам басып, дамыған мемлекеттер қатарында болмақ.


«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа  –  үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы - біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр - тарих. «Ел ерлігімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат.

        Қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шаханов: «Ерлікті жасамаудан, бағаламау әлдеқайда қауіпті» деген. Расында, Ердің қадірін бағалай білген ел ғана ертеңіне нық қадам басып, дамыған мемлекеттер қатарында болмақ.                

Ұлы тарихымызды ұлықтай отырып, Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына орай, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының, «Асыл мұралар» мүдделес клубының ұйымдастыруыменен, Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Сыпатаевқа арналған тарихи еске-алу кешін өткізді.

         Жалпы бұл кештің мақсаты - Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Сыпатавтың өмір жолы мен ерлігі туралы кеңінен таныстыру. Отанды қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы мен парызы екенін түсіндіру, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке, достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке дәріптеу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі тұту, жастарды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатын.

Кеш «Кеудесін отқа тосқан жауынгер» атты  бейнефильм көрсетілуімен ашылды. Облыстық ата-аналар төрайымы, «Ұстаз нұры-информ» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе батырлар қанын төккен жерде яғни Қалмақ Республикасында болған оқиғаларды айтып, алған әсерлерімен бөлісіп, батырға құран оқытып, белгітас орнатқандары жайында баяндап берді. Жастарда Отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық жауапкершілік болу керек екендігін, аға ұрпақтың ерлік жолдарын, жанқиярлық ерліктерін үлгі етіп, мақтан тұту керек екендігін айтып, насихат жүргізді.


  

Батырдың тікелей немересі, Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектептің ұстазы - Аташ Құндыз анасынан батыр атасы туралы оның ержүректігі, қайтпас қайсарлығы жайында жақсы естелікер тыңдап өскенін, сонымен қатар, майданға анасы қарсы болса да өз еркімен аттанғанын және Қ.Сыпатаевтың өмірі мен отбасы жайында баяндап берді.

Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп оқушылары батырға арнап шығарған өз туындыларын оқыды және «Қарсыбай батыр» квартеті Ұлы Жеңіс туралы әсем әндер шырқап, жиылған қауымды патриоттық сезімге бөледі.

Қорытындылай келе, А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның директор орынбасары Бабажанова Раушан келген қонақтарға алғысын білдіріп, сый-сияпат жасады, сонымен қатар, кітапхананың есігі әрқашан ашық екендігін хабарлады.

Сонау Жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін, ұрпағының болашағын қорғаған, Отанға бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер - бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт өткен сайын еселене бермек.

 

Амина Амантай

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы