КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-22

Оңтүстіктің қырмызысы

Оңтүстіктің қырмызысы Қараймын қайта-қайта тұрпатыма, Барғанда оқта-текте Тұрбатыма, - деп туған жерін жырлаған ақын Нұрбибі Омар биыл 60 жаста. Осыған орай, оқу залында «Оңтүстіктің қырмызысы» атты әдеби сыр-сұхбат кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға оңтүстіктің белгілі қаламгерлері Мархабат Байғұт, Серік Жанәбіл, Бақытжан Алдияр, Сабырбек Олжабай және т.б. көптеген зиялы қауым өкілдері сонымен қатар қаладағы оқу орындарының студенттері қатысты. Ақпараттық библиография бөлімінің қызметкері Кенжеева Феруза ақынның өмірбаянын қысқаша таныстырып, кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Олар: «Сағыныш сағымдары», «Бақытсыздықтан бақыт тап», «Жақсы жоқ деп айтпаңдар», «Ақындықты аруақ жолына айырбастаған қыз», «Артында өшпейтұғын із қалдырған», «Құлпырған қызғалдағым ең» атты т.б. кітаптары.


Оңтүстіктің қырмызысы

 Қараймын қайта-қайта тұрпатыма,

Барғанда оқта-текте Тұрбатыма, - деп туған жерін  жырлаған ақын  Нұрбибі Омар биыл  60 жаста. Осыған орай, оқу залында  «Оңтүстіктің қырмызысы» атты әдеби сыр-сұхбат кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға оңтүстіктің белгілі қаламгерлері Мархабат Байғұт, Серік Жанәбіл, Бақытжан Алдияр, Сабырбек Олжабай және т.б. көптеген зиялы қауым өкілдері сонымен қатар қаладағы оқу орындарының студенттері қатысты.

           Ақпараттық библиография бөлімінің қызметкері Кенжеева Феруза ақынның өмірбаянын қысқаша таныстырып,  кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Олар: «Сағыныш сағымдары», «Бақытсыздықтан бақыт тап», «Жақсы жоқ деп айтпаңдар», «Ақындықты аруақ жолына айырбастаған қыз», «Артында өшпейтұғын із қалдырған», «Құлпырған қызғалдағым ең» атты т.б. кітаптары.


Асыл ой» мен «Зерде» колледжінің студенттері ақынның туған жерге, отанға деген сүйіспеншілігін жырлаған өлеңдерін мәнерлеп оқып, компазитор Нұртай Үсіпәлиев ақынның сөзіне жазылған «Туған жер деп келіп ем», «Мақтай берші» әндерін  нақышына келтіре орындады. 

           М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ф.ғ.к. доцент, абайтанушы Қалдыбай Тұрдыбаев «Ақынның туған жер тақырыбындағы өлеңдерінің ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасап, Аққұштап Бақтыгереева, Ф.Оңғарсынова сынды белгілі ақындардың өлеңдерімен салыстыра өтті.  Жастарға берер тәрбиелік мәні зор өлеңдеріне кеңінен тоқталды. Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болайын деп жырлаған ақынның өлеңін ерекше бағалап, жастарға өз елінің патриоты болуға шақырды.



Жазушы, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт  ақын туралы «Нұрбибі ақын Өзбекстан елінен өз елін сағынып келді.  Халқы басынан сипайды, еркелетеді деп ойлап еді, алайда олай болмады. Мұнда көп қиындықтарға жолықты. Жол апатына ұшырады. Бірақ, рухы биік ақын қыз жығылмады. Бәрін жалғыз болып көтерді» деп 60 жасқа келген ақынға өз құттықтауын жеткізді.

        Кеш қонақтары  ақынның мерейтойымен құттықтап, ақ тілектерін айтты.

Кеш барысында ақынға оқырмандар түрлі сауалдар жолдап, ақын ашыла жауап берді. Өз өлеңінен үзінді оқып, барлығына шексіз алғысын білдірді.


Іс-шара соңында, кітапхана директоры Шарбану Алмаханбетқызы кеш иесіне гүл шоқтары мен сый-сыяпаттарын табыстады.

 

 

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның көпшілік іс-шара ұйымдастырушысы

Оспанқызы Б.