КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-04-24

Нашақорлық - ғасыр дерті

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - ЖИТС ауруымен АИТВ инфекциясы жөнінде жан - жақты білім алып, үлкен дертке айналып бара жатқан бұл індет жайлы студенттердің біліктілігін арттырып, есірткінің зиянды әсерлері туралы түсініктерін кеңейте түсіп, қолдану зиян екенін және оның салдарынан туатын ауруларды айтып, білімін жетілдіріп, адамзаттың есірткіден жиіркенуге, қорқуға, у екенін, қалай қорғану керек екенін түсіндіре отырып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеп алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету мақсатында


Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - ЖИТС ауруымен АИТВ инфекциясы жөнінде  жан - жақты білім алып, үлкен дертке айналып бара жатқан бұл індет жайлы студенттердің біліктілігін арттырып, есірткінің зиянды әсерлері туралы түсініктерін кеңейте түсіп, қолдану зиян екенін және оның салдарынан туатын ауруларды айтып, білімін жетілдіріп, адамзаттың есірткіден жиіркенуге, қорқуға, у екенін, қалай қорғану керек екенін түсіндіре отырып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеп алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету мақсатында – 2015 жылдың 21 - сәуір күні А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК - да мерзімді басылымдар бөлімінің «Сырласу» жастар клубының «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты пікір алмасу кеші болып өтті. Кешке М.Әуезов атындағы ОҚМУ - нің «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің 2 - 3 курс студенттері және облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог дәрігері Камирова Асел Тагаевна, облыстық СПИД орталығының эпидемиолог дәрігері Есенбеков Талғат Әбдірасілұлы, биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мыңбаева Роза Ордабекқызы, кітапхана директорының орынбасары Бабажанова Раушан Бабажанқызы қатысты.


Өмір ой-шұқыры көп жол секілді. Аяғыңды абайлап баспасаң, біреуіне түсесің де кетесің. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» десек те, сол қателіктің қиындығын басқа жандардың тартып жататыны жаныңды ауыртады. Рас, адам азса заман тозады. Оны жаңғыртуда құрдымқа құлдырату да «Жасануы өзіне тиесілі» бәрімізге байланысты. Адам санасының ағаруына, имандылықтың үстем болуына, сол арқылы қоғамдық тәртіптің нығаюына әрқайсымыз барынша мүдделі екенімізді кейде ұмытып кетеміз. Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Ең алғаш рет есрткінің зиянын шығыс ғұламасы Иби-Сина жазып көрсеткен. Есірткіге қарсы күрес ХХ ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау БҮҰ-ның құзырына көшті.

Кеш барысында «Нашақорлық - қасірет» және маман дәрігерлер көрсеткен «Зиянды әдеттердің ұрпақ тағдырына әсері және денсаулық», «ВИЧ инфекциясы мен СПИД-тен қорғану жолдары» атты видеоматериалдарынан кең көлемде мағлұмат алды. «Есірткі дегеніміз не?» «Есірткінің түрлері» туралы слайдтар көрсетіліп, есірткінің зардабы мен асқынуы, адам организміне әсері, нашақорлар қандай жолмен ақша табады, неге емделгісі келеді немесе емделуден қашады, олардың қандай құқықтары бар, заң несімен қауіпті, медициналық - әлеуметтік оңалту үшін наркологиялық ұйымдарға жіберудің негіздемесі мен тәртібі жөніндегі студенттердің сұрағына маман дәрігерлер жауап бере отырып, көріністерден түйген ойларын ашық айтып, пікірлерін терең жеткізіп, белсене қатысып отырды.

. Шымкент университетінің IV курс студенті Рүстемов Рамазан: «Жастар арасында есірткі қолдану себептері білімсіздіктен, қызығушылықтан, ойын-сауық орталығы, жаман достардың қысым жасауы, әуестіктен, айналасындағыларға еліктеу, достар арасындағы есірткіге үйрету тәсілдері, ал есірткіден қорғап қалу үшін ата-ананың міндеті балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік, есірткінің зияны туралы жиі айту, достарының арасындағы есірткіні қолданатындарының бар жоқтығына көңіл бөліп, мінез-құлқының өзгерісіне назар аудару керек» екенін нақтылап айтып берді. Ал маман дәрігер Есенбеков Талғат Әбдірасілұлы: «ЖИТС (СПИД) - бұл аурулардың қоздырғышы, вирустың жұғу жолдары, бұл ауру неліктен қорқынышты, емдеу керек пе алде құпия сақтау керек пе, тірі қалудың жолы қандай екені туралы мағлұмат беріп, осы қауіпті вирустан бүкіл адамзатты қорғау үшін ЖИТС туралы ақпаратты көбірек оқып, мұқият жеткізу керектігі осы отырған барлығымызға аманатталады» десе, аға оқытушы, биолог Роза Ордабекқызы: «Қазір адамзат қоғамы «Бізге апат төніп келе ме, әлде апатты ортада өмір сүріп жатырмыз ба? Егер бірінші жағдайда болсақ, оның қалай алдын аламыз, екінші жағдайға душар болған болсақ одан қалай құтылуға, шыңыраудан қалай шығамыз?» деген сұраққа жан-жақты жауап бере отырып: Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз, зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз, бойыңызды ластамай, жан дүниеңізді таза ұстаңыз, өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз! Ар намысыңызды биік ұстаңыз. Өз тағдырыңыз өз қолыңызда, адам өмірге бір - ақ рет келеді. Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады. Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз, өйткені тәуелсіз еліміздің болашағысыз» - деп жалғап, үндеу тастады.


ОҚМУ-нің ІІІ курс студенті Азимханова Айгерім: «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы кең көлемді мәдени тәрбие жұмыстарын, балалардың бос уақыттарын қоғамдық құнды ынталар мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыру арқылы жүргізе отырып, осы салада негізгі бағыт  беретін күш – жергілікті атқарушы билік органдарымен азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын жетілдіру және жандандыру, ең бастысы нашақорлыққа итермелейтін басты себептер мен жағдайларды зерделеу және оларды келтіру қажет» - екенін атап өтті. Сонымен қатар студенттер «Өзіңді – өзің қорға» атты рөлдік ойынын тамашалады.

Кеш соңында ОҚМУ-нің ІІІ курс студенті Айтуған Мейірбек: «Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттап, оның қажеттілігін жадымыздан шығармайық» - деп тарқасты.