КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-05-15

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады»

Жеңіс… Арман болған, Жеңіс! Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді. Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті.


Жеңіс… Арман болған, Жеңіс!

       Иә, оны сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында  Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл  азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама  ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.  Ал, тылда қалған қарт аналар бесіктен белі шықпаған  балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп тынбай еңбек етті.


         Бірақ ешкімнің сағы сынбады, жігері жасымады. Олардың бойындағы отаншылдық сезімі, қолына қару алып сапта тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі жеңісті жақындата түсті.

       Жалпы жас ұрпаққа ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру, Ұлы Отан  соғысы туралы жазылған  кітаптарды оқуға насихаттау мақсатында  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 14  «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты ардагерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды.


Ұлы отан соғысының ардагерлері «Соғыстағы ерен еңбегі үшін» медалінің иегері  Бабаев Алтыбай, «Қызыл жұлдыз», «Соғыстағы ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әбдірахман Нұрмахан аталарымыз жастарға олар  үшін соғыс қалай басталғанын, сұрапыл соғыстың қиын сәттері мен бастарынан өткен кезеңдерді еске түсірді.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармакология академиясының студенттері, Асыл ой, Мирас колледжінің, С.Рақымов атындағы  мектеп интернатының оқушылары мен Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектептің оқушылары іс-шараға белсене қатысып, ардагерлерімізге көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, еркін пікірлерін білдірді. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Жеңістің 70 жылдығына арналған кітаптар инсталляциясы ұсынылды.

С.Рақымов мектеп интернатының оқушылары соғыс тақырыбында монолог, өлеңдерін оқып, көпшілікті ерекше толғандырды. Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп оқушылары ардагерлерімізге арнаған өз өлеңдерін  жырласа, «Асыл ой» колледжінің  студенттері ұлы отан соғысынан сыр шертетін көріністер көрсетіп, патриоттық әндерін тарту етті.

 Соғыс өрті болмасын,

Балалар жетім қалмасын.

Әлемге бүкіл нұр шашып,

Бейбіт күн мәңгі орнасын, - деген тілекпен кітапхана директорының орынбасары Ақмарал Қамбарқызы Омарова ардагерлерді  құттықтай отырып, жастарға жеңістің оңай келмегендігін, халқы үшін жан пида еткен батырларымыздың ерлігін әрқашан ұмытпай, мақтан етуіміз керек екіндігін айтып өтті. Іс-шара соңында ардагерлерімізге сый-сыяпат ұсынып, ерекше ықыласпен алғысын білдірді.

    Кеш өте әсерлі өтті.