КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-05-19

«Отбасы-тәрбие мен тәртіп мектебі»

Заңгер клубының «Отбасы-тәрбие мен тәртіп мектебі» атты пікірсайыс ойыны 2015 жылы15мамыр күні сағат 11-00 де Оқу залынның «Заңгер» клубының ұйымдастыруымен « Отбасы –тәрбие мен тәртіп мектебі» атты пікір сайыс кеші өтті. Кештің мақсаты: 15 мамыр Отбасы мереке күніне байланысты жастарға отбасылық құндылықтар мен тәлім тәрбие тәртіп жайында, түсініктер беріп, ой бөлісу . Тақырыпқа байланысты пікір сайыс басталмас бұрын кешке келген қонақтар отбасы жайында өз ойларын, түсініктерін қысқаша айтып өтті.


Заңгер   клубының  «Отбасы-тәрбие мен тәртіп мектебі» атты

  пікірсайыс  ойыны

 

        2015 жылы15мамыр күні  сағат 11-00 де  Оқу залынның «Заңгер» клубының ұйымдастыруымен  « Отбасы –тәрбие  мен тәртіп мектебі» атты пікір сайыс кеші өтті. Кештің мақсаты: 15 мамыр Отбасы   мереке  күніне  байланысты  жастарға  отбасылық  құндылықтар мен   тәлім  тәрбие   тәртіп  жайында,   түсініктер  беріп,   ой   бөлісу . Тақырыпқа  байланысты   пікір сайыс   басталмас  бұрын   кешке  келген  қонақтар  отбасы  жайында  өз   ойларын,   түсініктерін   қысқаша  айтып өтті.

Отбасы   дегеніміз -  шынайы өмірге   жетелеп   бейімдейтін,  адамның  негізін қалайтын орта. Отбасы   қызметі:Баланы  жақсы   өз деңгейінде тәрбиелеу. Ал,  тәрбие  тал бесіктен  басталады. Ел боламын   десең,   бесіңінді түзе  деп-  М. Әуезов   ағамыз  айтқандай,  барлық  отбасыларыңызға   тек  жақсылық,  бақ даулет   тілей  отырып, дебатшыларға   сәттілік  тілейміз.   Қазіргі  жастардың   барлығының   көзі  ашық  көкірегі  ояу   сондықтан   керемет   пікір  сайыс  болады  деп  үміттенеміз. Көрсетілім   ойыны  2  фракция – үкімет  және  оппазиция  болып  бөлінеді.  Үкімет тарапынан  бірінші  сөзді  Оңласын    ханым   алды.  Сөйлеу    уақыты  4 минут.   Тәрбиенің  ең  тамашасы   - ол  әрине отбасы.   Жастар   тәрбиені  қайдан  алады? Мен айтар  едім   80 %   отбасынан   қалған  20 %     қоғамнан.   Маған  алғаш  рет   тәрбиені  қоғам  емес, отбасы  яғни  анам береді. Кез  - келген  ана  өз  баласы  үшін   өз отбасы  үшін  құрбандыққа  барады.  Жетістікке   қандай  бала   жетеді? Отбасында  шынайы  алған   адам   жетеді.   Бала  санасы   ақ парақтан  басталады.  Ақ  параққа  қалай   сызсаң   солай  кетеді.  Ақ  парақты    алғаш   боп  анаң  сызады,  ал  ана   таза,  түзу, сызуға  ұмтылады.  Отбасы  -тәрбие    мен  тәртіп  мектебі   деп  сөзін  қорытындылады. Оппазиция  тарапынан   сөз   Жансая  ханымға  тиді.  Оппазиционер   Жансая  Оңалсын   ханымның  сөзіне   түбегейлі қарсы  шықты. 


-         Шынайы   өмірге  жетелейтін   тәрбиелейтін  - ана   дейсіз . Жетімдер  үйінде   тастанды балалар  неліктен  көбеюде?  Балалар  неліктен   мейірімсіз   қатыгез болып барады.Қоғамда неліктен   қылмыс   көбеюде ? Осы  сұрақтарға   жауап  қайда?

       Қазіргі  аналар  бойында  бала  біткеннен  бастап,    жатырдағы  балаға  өшпенділікпен құбыжық ретінде  қарайтын. Балаларын      шетелге  оқуға  жіберіп,  өзімшілдік   тұлға ретінде   қалыптастырады.   Баланы   сотка,  планшет,   телевизор   мен  алдаймыз.  Қазір  ата – анаға  бала   күнделігінде   тек  5  болу  керек,  ақша  беріп  ортаға қосу керек,  ал бала    қалауына  ,жанына,  бала арманына  үңілген,  ана  жоқ.  Міне , сізге   отбасы  тәрбиесі -  деген   сөздермен  ойларын   ортаға салды. Пікір таластың   қызу  өткені   соншалық ,   әр  спикер  өз ойларын   берілген   уақыттан   асыра отырды.  Дебатты  тыңдаушылар  өз  ойларын  ортаға  салу  арқылы   тоқтатты.

  Қорытынды сөзді: Тыңдаушы  тарапынан    сөзді   Шәріпбай   мырза  қорытындылады.

  - Әр адамның  жақсы  болуы  өзіне  байланысты. Адамзаттың  жаман  болуына   отбасы  да,  ана   да ,   қоғам  да  кінәлі  емес.   Әр  адамның   өзіне  лайық   сана  сезімі  бар.  Кінәні   отбасынан  немесе  қоғам емес   өзінен  іздесін .  «Қарғадан   қарға  туады,  қаңқылдаған , Жақсыдан  жақсы туар  аңқылдаған »  деп -  сөзін аяқтады.  Сарапшы ретінде  қорытынды  сөзді   Ханзада  ханым   алды: Екі   жақ  дебаттерлардың   тыңдап отырып,   риза  болып тұрмын.  Өз   ойларын  ашық   нақты   жігерлі  жеткізіп отырды.  Біреуден  кінәні  іздеме, өзіңді  тәрбиеле    деп отырған  азаматтарға   сәттілік  тіледі.


Пікір – сайыс   дебат  «Отбасы  тәрбие мен тәртіп   мектебі »  тақырыбында  Американдық Парламент  Линкольн – Дуглас  формат   бойынша   көрсетілім   ойынымен   аяқталды.