КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-06-08

«Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер»

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұраны бекітіліп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында салтанатты кеш ұйымдастырылып, кешке тарихшылар, Облыстық жастар орталығы, №35748 әскери бөлімшесі мен № 55652 әскери әуе базасының сарбаздары, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Іс – шара Қазақстан Республикасының гимнімен ашылып,  кітапхана дайындаған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты бейнефилімі, «Мақтанышым - мемлекеттік рәміздер» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды. Қазақ инженерлік – педагогикалық Халықтар Достығы университетінің т.ғ.к., доцент Анарбай Қайрат Сапарханұлы халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне тоқталып, мемлекеттік рәміздердің тарихын, арғы тарихты қазіргі заманмен ұштастырса, тарихшы, оқытушы – лектор Тұрғымбаева Ақбота Сейдалықызы мемлекеттік рәміздер нышандарына: Ту, Елтаңба, Әнұранға жеке – жеке тоқталып, мәні мен мағынасын түсіндіре отырып, жас ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанын сүюге, Мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғынуды дәріптеді.

Облыстық жастар орталығының мүшелері Алжан Шарипов «Қазақ болып туғаныма мақтанам» атты баяндамасын оқыса, Ашимова Жасмин «Ел бейнесі - рәміздер» атты арнау өлеңін орындады, сонымен қатар Үпібек Балнұр өзінің жалынды жастар атынан құттықтау сөзін жолдады.

Айтылған баяндамалар арасында әнге де кезек беріліп, № 35748 әскери бөлімшесінің оркестр қызметкерлері Нұрахов Ержан, Монбиев Ербол, Абдрахманов Асан және осы әскери бөлімшесінің кітапханашысы Даулетова Рахиманың патриоттық әндері: «Атамекен», «Менің Қазақстаным», «Көк тудың желбірегені», «Қазақстан» әндері шырқалды.

Кешті кітапхана директорының орынбасары Ақмарал Омарова қорытындылап, әсерлі де қызықты іс – шара болғанын атап өтті. 

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК,
көпшілік іс – шаралар секторының меңгерушісі
Гулнур Умиралиева