КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-06-27

«Есірткісіз болашақ»

Есірткісіз болашақ» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Cол себепті, 26 маусым – Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күніне орай А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Есірткісіз болашақ» атты дөңгелек үстелі өтті.


Есірткісіз болашақ»

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Cол себепті, 26 маусым – Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күніне орай А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Есірткісіз болашақ» атты дөңгелек үстелі өтті.


Данышпан халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп, айтып өткендей, бүкіл қоғамның қасіреті болып табылатын, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған бұл індеттің алдын алу, онымен күресу мақсатында ұйымдастырылған бұл іс – шараға «Cалауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС – нің дәрігер - наркологы Саматаева Гүлнар Ерғазықы, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел өкілі Бүркітбаев Жәнібек Әлібекұлы, Облыстық СПИД- тің алдын-алу және онымен күресу орталығының қызметкері Есенбеков Талғат Әбдірасілұлы, Шымкент Медицина колледжінің фармацевтика пәндер оқытушысы Мадиева Гүлназ Бекназарқызы, Обылстық наркологиялық орталығының дәрігер – наркологы Шалкенбаева Асем Лесбайқызы қонақ ретінде арнайы шақыртылып, сонымен қатар жастар және кітапханашылар қатысты.

Арнайы шақыртылған мамандар нашақорлық, есірткі бизнесімен күрес,  сондай – ақ, есірткі типтес дәрі – дәрмектер жайлы, тіпті қазіргі таңдағы нашақорлар және оларды емдеу прафилактикалық қызметтері туралы сөз қозғап, мамандар ашық ойлары мен пікірлерін және ұсыныстарын айтып өтті.


Арнайы келген әр саланың мамандарына қатысушы жастар және кітапхана қызметкерлері сұрақтарын қойып, іс – шара пікір – таласқа ұласты.  

Іс – шара барысында  «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты кітап көрмесі, «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты деректі фильм ұсынылып, сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арнайы шығарған есірткі зияны, темекіге қарсы күрес, салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпараттық – танымдық материалдар таратылды.

Іс – шараны кітапхана директорының орынбасары Ақмарал Қамбарова қорытындылап, келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

 

 

Көпгілік іс – шаралар секторының меңгерушісі

Умиралиева Г.